Сынып сағаты Мектеп атауы: №1 А. С. Пушкин атындағы мектеп гимназиясы



бет10/10
Дата19.02.2023
өлшемі49,55 Kb.
#69234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар






-Армысыздар ардақты ағайын, ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

-Бармысыздар замандас бауырлар!


Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!\
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Қуаныш, бүгін мереке,
Тойланып жатыр ортада.
Әдемі, әсем киінген,
Балалар гүлдей жайнайды.
-Жылдың төрт мезгілін, жайқалған, жадыраған жаз, қаһарлы қылышын сүйреген қыс, байлығын халыққа тарту еткен алтын күз, тіршілікті тірілтіп көкке бояған көктем. Сәлеметсіздер ме! Біз сіздерді «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерінің Жаңа жылдық мерекесіне арнайы шақырып отырмыз.
Көктем. Сәлеметсіздер ме, балалар! Амансыңдар ма, шырақтарым! Майысып көлге біткен құрақтарым, Көрсетіңдер өнерді қилы - қилы,
Өздеріңді дүбір тойға іздеп келдік.
Қыс: Қызық думан күн келді
Жасыл шырша түрленді
Аяз сүйіп, қар борап
Міне, жаңа жыл келді.
Жаз: Ой, балалар, сендер мен сияқты қандай сұлусыңдар.
Күз: Жоқ, жаз. Мына тұрған балалар маған тартқан, қандай әдемі.
-Қыздар айтыспаңдар, қанеки біріңнен бірің өткен әдемісіңдер, оданда мына бүлдіршіндермен біргелікте жаңа жыл әнін орындайық



Ән: « Жаңа жыл »
Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел, жаңа жыл біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (балалар айқайлайды.)
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар жаңа жыл келеді).
Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бір салем.
Ақшақар: Қарашы Ата балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық
Жаңа жыл мерекесін ашайық
Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын, көк туымыз желбірей берсін!
Кері байланыс: Оқушылар шырша жырын айтады.



Шарлар,түрлі түсті мерекелік костюмдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет