Сынып сағаты сынып Сынып жетекшісі: Байбосинова Фарида Бакытовна Тақырыбы: Наурыз- жыл басы Мақсаты



бет6/9
Дата10.04.2023
өлшемі56,92 Kb.
#81198
1   2   3   4   5   6   7   8   9
    Бұл бет үшін навигация:
  • Алдар
Алдар:
Мен Алдармын,алдаймын,
Сайтанды да арбаймын
Сараңдарға қаттымын,
Мырзаларға балдаймын.
Ұл:
Алдар ата,Ұлыстың ұлы күні сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз.Төрге озып қонақ болыңыздар.
Алдар: Иә, балам, біз ойын-ойнап, той-тойлаумен бірге балаларға ескіден қалған есті сөздерді нәсихаттап жүрміз. Білгенге маржан деген емеспе?
Қыз:
Олай болса, ата тіпті жақсы, білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыз сыр сандығыңыздың аузын!
Алдар:
1. Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді, соны балалар білеме екен?
Жауап: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол тұйыққа, дария суға, аспан буға, пеш отынға тоймайды.
2. Жеті жұртқа не жатады?
Жауап: Иә, жұрт жеті ағайынды дейді. Олар: Жұрт, қуаншылық, індет, өрт, соғыс, сел, жер сілкіну.
3.Бәрекелді балаларым. Соңғы сұрақ. Жеті қазынаға не жатады?
Жауап: Ақыл-ой, денсаулық, ақ-жаулық, бала, көңіл, жер және ит.
Тазша бала:
Атасы, біз балаларды сынаймыз десек олар Алдар атанған, Сіз бен суайт атанған менің аузымды аштырар түрі көрінбейді, одан да осылардың өнерін тамашалайық, ойын-ойнайық.
Тазша:
Мен қазақтың ұлттық ойыны «Бүркітті» ойнауға шақырамын. Бұл ойында икемді, оралымды бала жеңіске жетеді. Себебі жүресінен отырып, екі қолын қанатша жайып, еңкейіп жердегі тақияны ауызымен іліп алу екінің бірі орындар оңай әрекет емес.
Қыз:
Ал енді айтыс өнерінің үлгісін көпшілік назарына ұсынайық.
Айтыскерлерді ортаға шақырайық. Айтыскерлер: О.Айдана, Т.Ертай
Қыз:
Жер көгеріп шөп қаулап,мейірін бір қандырар,
Күлге тосып арқасын жан-жануар албырар.
Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар,
Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.
Ұл:
Келген кезде Наурызым жапан біткен жаңғырар
Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар.
Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,
Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар.
Ертай:
Ал енді бойды сергітер Жаяу тартыс ұлттық ойыны .Бұл ойынға бойы жағынан шамалас екі ойыншы қатысады.Екеуі бір біріне арқасын беріп түзу сызықтың екі жағына тұрады.Екі ұшын байлаған арқанды түйінінен ортасына келтіріп екі ойыншы да иық арқылы қолтықтың астынан өткізіп алады.
Бір,екі,үш...
«Үш» дегенде екі ойыншы да арқанды өз жағына тартады.Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан ойыншы жеңеді.
Ұл:
Наурыз тойға жиналған,халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.
Қыз:
Келді Наурыз бұла күш тасқынымен,
Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Ұл:
Келді Наурыз даладай кеңдігімен,
Көк байрағы желбіреп желді күнмен.
Тәуелсіздік ұранын аспандатқан
Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.
Қыз:
Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,
Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.
Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз
Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет