Сынып сағаты сынып Сынып жетекшісі: Байбосинова Фарида Бакытовна Тақырыбы: Наурыз- жыл басы Мақсаты


Ұл: Ау,жараңдар,жараңдар! Қызыққа мына қараңдар! Ұлыс күні жаңаша, Болыпты бір тамаша. Қыз



бет7/9
Дата10.04.2023
өлшемі56,92 Kb.
#81198
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ұл:
Ау,жараңдар,жараңдар!
Қызыққа мына қараңдар!
Ұлыс күні жаңаша,
Болыпты бір тамаша.
Қыз:
Түк татырмас Шығайбай,
Тек Алдардан ығар бай.
Мырза болып көл-көсір,
Өнерді бір шығарды-ай.
Ұл:
Оңға да,солға да шашылды,төгілді.
Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді.
Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,
Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.
Қыз:
Бұрынғы әдетпен,
Алдауға,сынауға.
Бермесе байғұстың,
Өңешін бұрауға,
Алдар да кеп жетті.
Ұл:
Ал,енді қараса,
Бұл неткен тамаша!
Шық бермес Шығайбай,
Бәйбіше,қызымен,
Қарсы алды таласа.
Алдар: Уай, кім бар екен! Құдайы қонақпыз!
Шығайбай: Қош келдің, Қош келдің қонағым!
Алдар: Ассалаумалейкум, байеке!
Шығайбай: Уалейкумассалам! (Екеуі амандасады)
Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!
Шығайбай: Болсын, болсын, бірге болсын! Әй, бәйбіше ,Алдекең келді, Құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар!
Бәйбіше: Е, өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым, төрлет. Бізбикежан, қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел! (көрпе төсейді, екеуі отырады)
Шығайбаймен Алдар екеуі жөн сұрасып отырады.
(Бізбике айран әкеліп,қонақтарға ұсынады.)
Шығайбай: Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір селпіртіп тасташаңшы.
Алдар: Не жайлы айтсам екен?(Айранға қарап) Өкпелеп қалмайсың ба?
Шығайбай: О, не дегенің?! Ұлыс күні өкпе наз бола ма?
Алдар: Ендеше мына айран туралы болсын.
Мынау тұрған айран,
Кез болдың маған қайдан?
Бәйбішеге жолығып,
Айрылыпсың-ау майдан.
Қанша сенің,айран,
Коммерческий бағаң?
Шөліркеп отыр ағаң,
Е,қайран айран?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет