Ұл: Ау,жараңдар,жараңдар! Қызыққа мына қараңдар! Ұлыс күні жаңаша, Болыпты бір тамаша. Қыз: Түк татырмас Шығайбай, Тек Алдардан ығар бай. Мырза болып көл-көсір, Өнерді бір шығарды-ай. Ұл: Оңға да,солға да шашылды,төгілді. Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді. Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты, Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді. Қыз: Бұрынғы әдетпен, Алдауға,сынауға. Бермесе байғұстың, Өңешін бұрауға, Алдар да кеп жетті. Ұл: Ал,енді қараса, Бұл неткен тамаша! Шық бермес Шығайбай, Бәйбіше,қызымен, Қарсы алды таласа. Алдар: Уай, кім бар екен! Құдайы қонақпыз! Шығайбай: Қош келдің, Қош келдің қонағым! Алдар: Ассалаумалейкум, байеке! Шығайбай: Уалейкумассалам! (Екеуі амандасады) Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке! Шығайбай: Болсын, болсын, бірге болсын! Әй, бәйбіше ,Алдекең келді, Құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар! Бәйбіше: Е, өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым, төрлет. Бізбикежан, қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел! (көрпе төсейді, екеуі отырады) Шығайбаймен Алдар екеуі жөн сұрасып отырады. (Бізбике айран әкеліп,қонақтарға ұсынады.) Шығайбай: Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір селпіртіп тасташаңшы. Алдар: Не жайлы айтсам екен?(Айранға қарап) Өкпелеп қалмайсың ба? Шығайбай: О, не дегенің?! Ұлыс күні өкпе наз бола ма? Алдар: Ендеше мына айран туралы болсын. Мынау тұрған айран, Кез болдың маған қайдан? Бәйбішеге жолығып, Айрылыпсың-ау майдан. Қанша сенің,айран, Коммерческий бағаң? Шөліркеп отыр ағаң, Е,қайран айран?