Сынып сағатының тақырыбы: «Отан-рухы биік асқақ ұғым»



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі24,1 Kb.
#11783
1   2   3   4   5
«Ойтолғаныс». Қазақстан туралы суреттер беріледі үш топқа, сурет бойынша ой-пікірлерін жеткізу.

1-топ «Елтаңба»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал   екенін көрсетеді.



2-топ. «Гимн»
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Гимн. Гимн   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі   өмірі мен келешек арманы айтылған.

3-топ «Ту»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның   сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран          және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың  белгісі.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет