Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет4/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
синтаксис

Атаулы сөйлемнің жасалуы.

  1. Атаулы сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз-негізінде зат есім. Ол әрқашан атау септік формада айтылады.

  2. есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байланысып , тәуелдік формада тұрады.

  3. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен боалды.

Атаулы сөйлемнің құрылысы. Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден , негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан немесе сөз тіркесінен болады.

Атаулы сөйлемнің мағыналық түрлері. Атаулы сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарап 3 топқа бөлуге болады: мекен атаулы сөйлем, мезгіл атаулы сөйлем және зат атаулы сөйлем,

  1. Мекен атаулыға жалпы және жалқы есімді мекен атаулары: жер, су, орман, тау атаулары және қала , ауыл, мекеме, ұйым, завод т.б. жатады. Мысалы: Қалың тоғай.

Күркіреп таудан аққан өзен. Кешкі тау қойнынан салқын леп келеді. (Лекеров)

  1. Мезгіл атаулыға мезгіл мағынасын білдіретін күн, ай, жыл атаулары және мезгілдің белгілі бір мөлшерін білдіретін шақ, қу, түс, түн, қараңғы, кеш, күз, жаз, көктем, қыс, қарсаң, қара көлеңке, уақыт, бейуақ деген сияқты атаулар жатады.

  2. Зат атаулы сөйлемдер өзінің мағынасы жағынан алуан түрлі болып келеді.

а) Табиғат құбылысының көрініс атауын білдіреді. Түн.Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып ұшырғандай кавказ тауын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет