Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын


Сөздердің байланысу түрлері және тәсілдері



бет5/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
синтаксис

3. Сөздердің байланысу түрлері және тәсілдері

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады:

1) жалғау арқылы; 2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.

Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.

Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.

Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т.б.

Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

4.Бастауыш (жасалу жолдары, түрлері)

Сөйлемде айтылған ойдың, оқиғаның, сапаның иесі болып тұратын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз. Ол атау тұлғасында тұрыа кім? не? Қайсы? нешеуі? қаншасы? т.б. сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар оның көптік, тәуелдік жалғауларында тұруына сәйкес өзгеріп отырады: кімдер?, нем? т.с.с.

Бастауыштар барлық сөз табынан жасала береді. Әйтсе де бастауыш болуға ыңғайлы сөз таптары – зат есім мен есімдіктер. Мысалы: Тәуелсіздік – тәу етер киең. Ұстаз ұлылыққа бастайды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Мен өмірге ғашықпын (С.Е.)

Аталған екі сөз табынан басқа сөздер бастауыш болу үшін заттануы (заттық мағынаға ие болуы) қажет, сөйлемде зат есімнің сұрауына жауап беріп тұруы керек.



Сын есім: Жақсы – ісімен жақсы. (мақал) (кім жақсы? – жақсы- жақсы).

Сан есім: Жиырма бес қайта айналып келмес маған (халық әнінен) (не келмес? – жиырма бес). Бес үшке бөлінеді. (бұл жерде «бес» сөзі «сан» деген заттық ұғымды қамтып тұр: «5» саны).

Етістік: Үйренгенің - өзіне жақсы. (есімше нең? деген сұраққа жауап береді). Жүргізу денсулыққа пайдалы. (тұйық етістік не? Сұрағына жауап береді) «Көрдім» - көп сөз, «көрмедім» бір сөз (асты сызылған сөздер не? деген) сұраққа жауап береді.

Үстеу: Еріншектің «ертеңі» бітпейді. (айрықшаланған сөз несі? сұрағына жауап береді).

Одағай: Еріншектің «ертеңі» бітпейді. (айрықшалаған сөз несі? сұрағына жауап береді).

Еліктеуіш: Білмеген адамның бұл – талаңы бірден байқалады. (Газеттен). Сатыр – сұтыр көбейіп кетті ғой (Ү.Ш.)асты сызылған сөздер несі? не? сұрақтарына жауап береді. Шылау: «Соң» - кейде шылау, кейде есім ретінде қолданыла алады («соң» сөзі не? сұрағына жауап береді).

Кейде жеке дыбыстар да заттанып бастауыш болады. Мысалы: и,у – жартылай дауысты дыбыстар дыбыстар (А.Б.)

Құрамына қарай бастауыштар дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Дара бастауыштар бір ғана сөз тұлғасынан тұрады. Оған жағарыда келтірген сөйлемдер мысал бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет