Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен қатар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына байланысты болады. Сөйлеу үстінде сөйлеушінің эмоциясы да көрінеді. Сөйлеудің осы мақсаттары тілде сөйлемнің тиянақты формалары арқылы көрінеді.
Хабарлы сөйлемдер. Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Бұл сөйлемдердің негізгі грамматикалық белгілері мыналар:
1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалады;
2. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады;
3. Белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ);