2) предикатының арнаулы тұлғадағы өзгеше құрылымы граматикалық субьектінің болуына мүмкіндік бермейді;
3) субьект-жақтық мән арнаулы септік жалғаулы сөздерден не контекстен логикалық ыңғайда аңғарылып тұрады. Кейде предикаттағы ырықсыз етіс тұлғасы арқылы іс-әрекет ешбір субьектіге қатыссыз модальдік мағына береді: Ол туралы естігенім бар едім. Оны көруге болмайды.
Жақсыз сөздердің предикатының түрлі-түрлі модальдік тұлғаларда келуі оның қолданылуында мол мүмкіндіктер ашады. Сонымен, граматикалық субьектысы жоқ, субьект мәні арнаулы септік және тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы логикалық ыңғайда байқалатын не мүлде көрінбейтін бір құрамды сөздерде жақсыз сөйлемдер дейміз.
Предикатының жасалу жолы:
1.–у тұлғалы қимыл есімі.
а) аналитикалық форманттар ыңғайында құрылған тұйық етістіктер «керек» сөздермен тіркеседі. Маған бару керек.
ә) Тұйық етістік + ма: Оны сүймеуге бола ма?
б) дара, күрделі тұйық етістіктер тәуелденіп + керек: