Біресежаудан тартып алған самолетпен елге қарай ұшып келе жатқандай қуанамын, біресе аспаннан құлап келе жатқандай үрейленемін. (Ә. Әбішев.) Жәутіктің ойы біресе бұлттан шыққан қырандай жарқ етіп бой тастайды, біресе ол құйылып алдына қайтып келеді. (Х.Ерғалиев.) Нұрғали біресе Тәукеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді. Ол біресе ұзатылатын қыз болып сыңсиды, біресе қыздың шешесі болып барқырап дауыс қылады, біресе ит болып шәуілдеп үреді, біресе бұзау болып өкіре мөңірейді. (Ғ. Мұстафин.) Ол біресе оң бүйірде түнеріп қалып бара жатқан орманға қарайды, біресе жылтылдап оттары көріне бастаған алдыңғы жақтағы поселкеге көз сүзеді. Ол ебедейсіз алып тұлғасын жасырмақ болып бірде жер бауырлап сүйретіледі, бірде тұра сала бүкшеңдеп жүгіреді. (Б. Момышұлы.) Қезектес мәнді жалғаулықтардың бір-бірінен айтарлықтай мағына өзгешеліктері жоқ, сондықтан олар бірінің орнын екіншісі ауыстыра бере алады. Және ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқандай нұқсан да келмейді.