47.Кезектес салалас.
Қезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас кұрмалас сөйлемді айтамыз.Қезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мысалы:
Біресе бұлбұл нақышты, көп ырғақты «жиырма бесті» созады, бірде назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады. Біржан әкелген Сарыарқаның қан қазынасы кейде шырқап өрлеген Әмір, Оралбай үндерімен шығады, кейде сызылта, жіңішкерте бұралтқан, бірақ соншалық күшті және сонша алысқа тарап естіліп жатқан бой жеткен Балбала, сері сұлу Үмітай, сыпайы сынды Керімбала әндерімен сыр баяндайды. (М. Әуезов.) Үй иесі безектеп біресе өзі есінен адасып тұрған маған жүгіреді, біресе қирап жатқан ыдыстарына жүгіреді. (Ә. Әбішев.) Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып ағып жатқандай. (F. Мүсірепов.) Бірде ол ақтарыла салатындай соңдайлық жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.(Т. Ахтанов.)
Достарыңызбен бөлісу: |