Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Болымды сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз



бет21/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
56. Болымды сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Болымды сөйлем ( орыс. предложение утвердительное ) - объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттін орындалғаның не орындалатының хабарлайтын сөйлем. Болымды сөйлем болымсыз сөйлемге қарама-қарсы қойылып қаралады. Мысалы: Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, (Абай). Ескіге жаңа өлшеуіш (мақал). Мен бүгін үйге бардым(сөз).
57. Болымсыз сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Болымсыз сөйлем ( орыс. предложение отрицательное ) - объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің болмайтының, орындалмағаның хабарлайтын сөйлем. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем негізінде жасалады, бірақ оған қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Сонымен бірге айтылған ойға стильдік реңк, эмоционалды-экпрессивті сипат береді. Жасалу жолдары:

1) Болымсыз сөйлемдер -ма/-ме тұлғалы болымсыз етістіктердің баяндауыш қызметінде не баяндауыш құрамында жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Торсанның бейітіне ешкім келіп, құран оқымайды екен (Ғ.Мүсірепов);


2) есім мен есімшелі баяндауыштардың кұрамында емес көмекші етістігінің жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Бірақ оның не екенін, қандай адамдар екенін Демеқул түсінген емес (С.Ерубаев);
3) жоқ сөзі баяндауыш кызметінде немесе күрделі баяндауыштың кұрамында айтылу арқылы жасалады. Мысалы: Сол сәттен бастап жас босанған анаға салмақ түсірген жоқ (К. Жұмаділов);
4) -сыз/-сіз формалысын есімдер баяндауыш кызметінде жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Бұрын осы балалар тумай тұрған кезде, қалай өмір сүріп келгені белгісіз (К.Жұмаділов);
5) сөйлем кұрамында ешкім, ештеме, ешбір, дәнекте, тук тағы басқа болымсыз есімдіктер жұмсалуы арқылы болымсыздық мән күшейе түседі. Мысалы: Жүрегінде ешкімге алдырмайтын, түкпірге тыққан бір қатты беріш бар (К. Жұмаділов);
6) сөйлем кұрамында болымсыздық мағына беретін сөздердің (безу, қашу, тайсақтау, кері кету, жоғалу, ғайып болу, бой тарту тағы басқа) жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Ол заманнан бұл ел бір жола безініп болған (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет