Тапсырма: Синтаксистік ілімді зерттеген ғалымдар жайлы мәлімет. Жаңа ғасыр қазақ тілі синтаксисі үшін де жақсы басталды.
13. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 бет. Бұл грамматикалық құрылымды жинақтаған үлкен еңбек болып табылады. Синтаксис тарауларының өзі қомақты: 1) Әбжапар Аблақов: Етістікті сөз тіркестері; 2) Рақыш Әмір: Синтаксис және оның объектісі. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы. Номинативті және етістікті сөйлемдер. Жай сөйлемнің типтері. Екі негізді жай сөйлемдер. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер; 3) Зейнеп Базарбаева: Итонация; 4) Орынбай Бекжан: Жай сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің құрылымдық ұйысымы. Жай сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері; 5) Бижомарт Қапалбеков: Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер; 6) Сағындықұлы Бекен: Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер; 7) Қайырболат Есенов пен Гүлмира Садырова: Күрделенген жай сөйлемдер; 8) Гүлмира Садырова: Бөгде сөз және оның түрлері; 9) Жеңіс Сәдуақас: Жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Бір негізді жай сөйлемдер. Жақты сөйлемдер; 10) Мырзатай Серғалиев: Сөз және сөз тұлғалары – синтаксис нысаны. Синтаксистік байланыс және сөз тіркесі. Күрделі синтаксистік тұтастық. Синтаксистік конструкциялардың синонимдігі; 11) Бердібай Шалабай: Құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты. Құрмалас сөйлемнің түрлері. Салалас құрмалас сөйлемдер.
14. Сағындықұлы Бекен. Құрмалас сөйлем түрлерінің теориялық негіздері. Монография. – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2002; 2003; 2006. – 196 б.
15. Сайрамбаев Т., Сағындықұлы Б. Құрмалас сөйлем жүйесі. – Алматы, 2007. Құрмалас сөйлем түрлерін ең алғаш рет қос құрамды және көп құрамды деп жіктеп берген еңбек.
16. Сағындықұлы Б. Синтаксиске кіріспе. – Павлодар, 2008. Синтаксис саласындағы заңдылықтарды жинақтаған алғашқы оқу құралы. Сонымен қатар сөзтұлға синтаксисіне қатысты тұжырымдар беріледі.
17. Сағындықұлы Б. Қазақ синтаксисінің мәселелері. Ғылыми мақалалар жинағы. – Павлодар: ПМПИ, 2010. – 265 б.
18. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі: контактология, конфликтология (Ғылыми мақалалар жинағы). - Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2015. – 320 б.
19. Сағындықұлы Б. Тілдік бірліктердің паратаксистік қызметі: трансформ жүйесі мен апперцепция құбылысы (монография). - Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2015. – 192 б.
Біз ғылыми аппаратты тарқатуда, әсіресе оқулық ретінде ұсынылған еңбектерге көңіл бөлдік. Және барлығын тізіп шығуды да мақсат тұтпадық. Демек, мұның сыртында да толып жатқан еңбектердің қай-қайсысын болсын кәдеге жарата беруге болады. Мәселен, 2000 жылдар қомақты еңбектерді қайталап басты.
20. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 592 бет. Ғалымның о бастағы жиған-тергендері жинақталған.
21. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз тіркесі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 640 бет. Ғалым еңбегінің көп бөлігі осы еңбекте қамтылған
Сағындықұлы Б. Синтаксиске кіріспе (оқу құралы). – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2018. – 58 б.
Сағындықұлы Б.Тілдік бірліктердің паратаксистік қызметі: трансформ жүйесі мен апперцепция құбылысы. Монография. - Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2015. – 192 б.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі: контактология, конфликтология (Ғылыми-мақалалар жинағы). - Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2015. – 320 б.
Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 бет.
Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 бет.
ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Құраст.: О.Жұбаева. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. – 640 бет.
7. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы: оқулық. - Павлодар, 2010. – 194 б.