Синтаксистік парадигмалар


 Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері



Pdf көрінісі
бет100/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.4 Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері
2.4.1 Қазақ сөйлемдерінің жіктелуі
Сөйлем – адамдардың сөйлесуі, пікір алысуы үшін ең қажетті тілдік 
бірлік  екенінде  дау  жоқ.  Ол  мəтіннен  кейінгі  жəне  сол  мəтінді,  жалпы 
сөйлеу əрекетін құраушы басты тұлға болып есептеледі. Кез келген тіл-
дік  бірліктер  тəрізді  сөйлемнің  де  өзіне  тəн  пайда  болу,  даму  (өзгеру),
құралу,  қолданылу  т.б.  сипаттағы  ғасырлар  бойында  қалыптасқан  жү-
йесі, қағидалары мен заңдылықтары бар жəне олар да даму, өзгеру үстін-
де болып отырады. Бұл өзгерістер үнемі сөйлеу (жазу) жағдаяты үстінде 
сөйлемдердің алуан түрлеріне тəн белгілі бір ортақ тілдік белгілер мен 
ерекшеліктері  бар  топтарының  жəне  сол  топқа  енетін  сөйлемдерге  тəн 
ортақ үлгі-құрылымның пайда болуына алып келеді. Бұл үлгі-құрылым 
сөйлемнің  грамматикалық-тұлғалық  (сыртқы)  құрылымы  мен  мазмұн-
дық-семантикалық (ішкі немесе логикалық) құрылымын қатар ескеруге 
негізделеді. Нақтырақ айтқанда, сөйлем ойдың тілдік көрінісі ретінде қа-
растырылады. 


108
109
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Қазақ тіл білімі тарихында сөйлемдерді жіктеу мəселесі (ХІХ ғасыр-
дың соңындағы түркітанушылардың еңбектерін еске алмағанда) А.Бай-
тұрсынов ілімінен бастау алады. Ғалым сөйлемді əуелі қарама-қарсы үш 
топқа топтастырып алады да, оны іштей былайша жіктейді: 
1) жалпы түрлері, олар: а) болымды сөйлем – болымсыз сөйлем, ə) 
толымды сөйлем – толымсыз сөйлем, б) жалаң сөйлем – жайылма сөй-
лем;
2)  айтылуынша  айырылатын  түрлері  деп  оны  төртке  бөледі:  а) 
сұраулы сөйлем, ə) лепті сөйлем, б) тілекті сөйлем (мұны іштей тағы – 
бұйрықты, өтініш, үгіт, жай тілек деп бөледі), в) жай сөйлем;
3) құрылуынша айырылатын түрлері, олар: а) іргелес сөйлемдер, 
ə) құрмалас сөйлемдер (бұлар іштей сыйысулы жəне қыйысулы құрмалас 
деп бөлініп, соңғысы салалас жəне сабақтас құрмаластар деп бөлінеді» 
[1, 296-310 бб.].
 Сөйлемдерді жіктеудің бір көрінісі С.Аманжоловта бар. Ол сөйлемді 
тұлға жағынан: 1) жай, құрмалас; 2) жалаң, жайылма деп бөліп алады 
да, соңғының өзін 1) толымды, толымсыз, 2) жақты, жақсыз деп тағы екі-
ге бөледі. Ғалым орыс тілінде сөйлемдерді «жалаң» жəне «жайылма» деп 
бөлу бар екенін айта келіп, «олардың орнына толымды, толымсыз деп те 
атаған орынды болар еді» деген пікірін де қоса кетеді. Солай дей отырып, 
жалаң жəне жайылма сөйлемдерге анықтама береді жəне оларды мағына 
жағынан 1) хабарлы, 2) сұраулы, 3) лепті жəне 4) атаулы деп бөледі [2, 
162-163 бб.]. А.Байтұрсынов жіктеуіне қарағанда бұл жіктелістің ғылы-
ми  жағынан  болсын,  жүйелілігі  жағынан  болсын  біршама  жетілгендігі 
айқын. Осы жетістік кейінгі М.Балақаевтың ізденісінде нақтыланып, осы 
күнгі грамматикалардағы сөйлемдер жіктелісіне алып келді. 
М.Балақаев 1954 жылы шыққан алғашқы академиялық «Қазіргі қазақ 
тілі»  грамматикасының  «Жай  сөйлем»  тарауын  жазған [3, 498-505 бб.]
жəне 1959 жылы ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының тапсырмасы бо-
йынша «Қазіргі қазақ тілі синтаксисін» орыс тілінде жарыққа шығарды 
[4]. Осы кітаптың негізінде Т.Қордабаевпен бірлесіп жазған жоғары оқу 
орындарының студенттеріне арналған алғашқы оқулық дүниеге келді [5].
Бұл оқулық өткен ғасырдың соңғы жартысы көлемінде бірнеше рет қайта 
басылды. Осы кітаптардың бəрінде де ғалым сөйлем түрлерін құрылы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет