112
113
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тілінде бұрын екі негізді сөйлемнің толымсыз түрі ретінде қарасты-
рылып жүрген
– Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зы-
там…(Ғ.Мүсірепов). – Кетіңдерші, өтінемін! (Д.Исабеков) т.б. тəрізді
сөйлемдерді бүгінде тек баяндауыш арқылы ғана құрылған сөйлем ретін-
де қарау қажеттігі күмəн тудырмайды. Дəлірек айтқанда, мұндай сөйлем-
дер бір негізді деп есептелуге тиіс. Егер бұларды екі негізді сөйлемнің
толымсыз түрі ретінде танып, бастауышты қоюға болады деп есептесек,
онда сөйлем мағыналық реңкінен айырылып қалар еді, бастауыштың
қосылуы (
Мен зытып келем, мен зытып келем) сөйлем семантикасын
айқындап, дəлдеп тұрған интонацияны бəсеңдетіп, автор білдіруге тиіс
болған экспрессивті-эмоционалдық семантиканы солғындатар еді. Бұл
– сөйлемнің тұлғалық құрылымы мен мағыналық құрылымының сəй-
кес келмеуінен туындайтын құбылыс. Нақтырақ айтқанда, бастауыштық
(субъектілік) мағына баяндауыш (предикат) құрамындағы жақтық тұлға
(1-жақ) арқылы берілген. Сонда жақтық тұлға екі қызметті де атқарып
тұр. Бұл ерекшелік бір негізді сөйлемдерді екі негізді сөйлемдерден
айыратын негізгі өлшем (критерий) болып табылады. Əрине, осындай
сөйлемді бастауышы түсірілген
Кеше елден келдім; Астанаға қашан
жүресіз? тəрізді
екі негізді бастауышсыз толымсыз сөйлемдерден айыра
білу қажет (Бұл сөйлемдерге бастауышты қойғаннан сөйлем семантика-
сына келер зиян жоқ).
Сонымен, бір негізді сөйлемнің басты ерекшелігі – ондағы предика-
тивтік қатынастың бір ғана бас мүше арқылы берілуі болып табылады.
Əрине, бір негізді сөйлем жасауда предикативтік қатынас сөйлемнің
модальдік жəне интонациялық белгілерімен үнемі бірлікте қызмет ат-
қарады.
Жоғарыдағы талдаулар мен тұжырымдар негізінде бір негізді сөй-
лемге мынадай анықтама беруге болады:
бір негізді сөйлем деп, преди-
Достарыңызбен бөлісу: