Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет108/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.4.3 Екі негізді сөйлемдер
Тіл-тілдің  қайсысында  болмасын  сөйлем  бастауыш-баяндауыштық 
(предикативтік) құрылымға негізделеді деген ұғым қалыптасқан жəне 
ол  сөйлемнің  бір  негізділігі  жөніндегі  идеялар  шыққанға  дейінгі  де, 
кейінгі  де  барлық  грамматикаларда  орын  алып  келеді.  Бұл  қазақ  тілі-
не  де  тəн.  Кейінгі  ғылыми  еңбектерде  мұндай  сөйлемдер  «екі  құрам-
ды», «екі  бас  мүшелі»  т.б.  терминдермен  аталып  жүр.  Осы  еңбекте 
«екі  негізді»  аталатын  бұл  сөйлем  түрінің  сөйлемнің  басқа  түрлеріне 
(мысалы, бір негізді) қарағанда ең жиі қолданылатыны белгілі. Өйткені 
сөйлем  арқылы  берілетін  хабардың  кез  келгені  айналадағы  заттар  ту-
ралы, олардың əрекеті, қимыл-қозғалысы, сапасы т.б. қасиет, белгілері 
туралы  мəлімет  беруді  мақсат  етеді.  Яғни,  тілдің  сан  түрлі  құбылыс-
тары  тілімізде  екі  негізді  жай  сөйлемді  құрушы  тұрлаулы  мүшелер – 
бастауыш  пен  баяндауыш  арқылы,  солардың  предикативтік  қатынасы 
арқылы білдіріледі.
Сөйлемнің  ең  кіші  құрылымдық  қаңқасы  (структурасы)  бас  мүше-
лердің  (тұрлаулы  мүшелердің)  қатынасына  негізделеді  дегенімізбен, 
сөйлемнің  грамматикалық  құрылымында  да,  мағыналық  құрылымын-
да  да  тұрлаусыз  мүшелердің  де  өзіндік  орындары  бар  жəне  осындай 
құрылымдағы сөйлемдер таза бас мүшелерден құрылған сөйлемдерден 
əлдеқайда  жиі  қолданылады.  Тұрлаусыз  мүшелер  А.Байтұрсыновтан 
бері  анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш  деп  аталады.  Сол  кезден 
бері предикативтік бас мүшелердің, ең болмағанда, бірінің қатысуынсыз, 
грамматикалық тұрғыдан болсын, логикалық тұрғыдан болсын, сөйлем
құралмайды деп есептеліп келеді. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы-тұрлау-
сыз  мүшелер  деп  бөлінуі  олардың  қызметтерімен  тығыз  байланысты. 
Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемді құрушы негізгі мүшелер болғандықтан, 
қазірге  дейінгі  грамматикаларда  сөйлемді  жіктеуде  осы  екі  бас  мүше 
негізге алынады. Мəселен, «сөйлем болу үшін осы екі мүшенің кем де-
генде біреуі болуы қажет», əсіресе, «баяндауышсыз сөйлем болмайды» 
т.б. деген тəрізді тұжырымдар осыған байланысты шыққан. Кейінгі кез-
дегі  зерттеулер  сөйлемді  бір  негізді  жəне  екі  негізді  деп  ажыратуда  да 
осы идеяны басшылыққа алады. Əрине, мұнда сөйлемнің семантикалық 
құрылымы басты назарда болады.
Сөйлемнің теориялық мəселелері жəне бір негізді сөйлем мен екі не-
гізді  сөйлемнің  грамматикалық  құрылымында  кейбір  ұқсастықтардың 
бар  екендігі  жөнінде  жоғарыда  айтылғандықтан,  бұл  тұста  екі  негізді 
сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері жөнінде ғана қарастырылады.
Екі негізді аталатын сөйлем хабар мазмұнының нақты субъектісі мен 
предикаты  арасындағы  қатынасқа  құрылған  сөйлем  болып  табылады. 
Нақтырақ айтқанда, грамматикалық бастауышы да, баяндауышы да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет