3.4 Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу тəсілдері Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердiң тiркесе салуы емес, бiр-бiрiмен
мағыналық əрi құрылымдық тығыз байланыстағы бiрiне-бiрi тəуелді күр-
делi мағыналық бiр бүтiн болып саналады.
Құрмалас сөйлемге қатысты жарық көрген еңбектердің көпшілігін-
де аталған күрделі бірліктің компоненттерінің байланысу тəсілі ретінде
баяндауыш формасы, шылаулар, интонация мен орын тəртібі тəсілдері
көрсетіледі. Соңғы шыққан «Қазақ грамматикасында» құрмалас сөйлем
компоненттерін байланыстыратын амал-тəсілдер үш топқа топтастыры-
лады: 1) мағына жақындығы; 2) арнайы грамматикалық тəсілдер (есім-
ше, көсемше, шартты рай, септік жалғаулары, кейбір жұрнақтар жəне
көмекші сөздер (шылаулар) тобы), 3) интонация мен орын тəртібі [30,
688-689 бб.].
Тұтастыққа негізделген, бірақ өз ішінде құрылымдық бірліктерден
тұратын өзге синтаксистік бірліктер мен құрылымдар туралы, атап айт-
сақ, мəтін [31], сөйлем байланысы туралы [32] зерттеу еңбектерде төмен-
дегідей байланыс формалары көрсетіліп жүр:
1. байланыстырушы элементтер (шылаулар, есімдіктер);
2. қайталау (лексикалық);
3. ықшамдау;
4. ассоциативті синонимдік байланыстар;
5. ассоциативті антонимдік байланыстар;
6. грамматикалық тəсілдер (баяндауыш формасы) [33].
Жоғарыдағы пікірлерге сүйене отырып, біз қазақ тіліндегі құрма-
лас сөйлем компоненттерін байланыстыру тəсілдерін жүйелеп, бір ізге
түсіру мақсатында төмендегідей байланыс тəсілдерін бөліп көрсетуді
жөн көрдік:
а) лексика-семантикалық тəсілдер. Аталған тəсіл құрмалас сөйлем
компоненттерінің мағына тұтастығына ықпал етуші амалдар жиынтығын
құрайды. Оған мағыналық тұтастық, есімдік, үстеулер (қатыстық сөздер,
анафоралық, катафоралық элементтер), лексикалық қайталау, ықшамдау,
ассоциативті синонимдік байланыстар, ассоциативті антонимдік байла-
ныстар, сөйлем мүшелерінің алмасуы жатады;
ə) аналитикалық-синтетикалық тəсілдер. Бұл тəсіл – құрмалас сөйлем
компоненттерін байланыстырудағы қосалқы тəсіл. Оған құрмалас сөй-
лем компоненттерінің шылаулар, орын тəртібі мен интонация тəсілдері
арқылы байланысы жатады;
б) грамматикалық (синтетикалық) тəсілдер. Құрылымдық грамматика
үстемдік құрған өткен ғасырда доминанттық сапаға ие болған бұл тəсіл
– формалды тəсіл. Шын мəнінде бұл тəсіл құрмалас сөйлемнің құрылым-
дық тұтастығын айқындайтын формаларға негізделеді. Оған құрмалас
компоненттерінің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы жатады.