Синтаксистік парадигмалар


Құрылымдық-семантикалық бағыттың



Pdf көрінісі
бет164/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Құрылымдық-семантикалық бағыттың ерекшелігі – синтаксистік 
бірліктерді  жан-жақты,  дəлірек  айтсақ,  əрі  құрылымдық,  əрі  семанти-
калық  аспектіде  қарастырады.  Сөйлемді  тұлғалық  (грамматикалық) 
құрылымы  тұрғысынан  зерттеуді  көздейтін  бұл  бағыт  сөйлем  компо-
ненттерінің синтаксистік құрылымын, екі компоненттің байланысу ама-
лы мен олардың арасында түзілетін семантика-грамматикалық байланыс-
тары  негізінде  қарастырады.  Бұл  бағыт  қазақ  тіл  білімінде  доминант 
бағыт  ретінде  өткен  ғасырдан  күні  бүгінге  дейін  қолданылып  келеді. 
Синтаксистік мəнімен байланыста қарастырылады. Соның синтаксистік 
бірліктердің  мəні  оның  лексика-грамматикалық  семантикасы  ретінде, 


176
177
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
олардың  байланысы  компоненттер  арасында  пайда  болатын  қатынасқа 
негізделеді.
Ал функционалды-семантикалық бағыт, жоғарыда айтылғандай, 
мағынадан  формаға,  функциядан  оны  атқарушы  құралдарға  бағыты 
бойынша сипатталады. Құрмалас сөйлемдерді мағыналық-мазмұндық 
(семантикалық)  сипаты  мен  соның  негізінде  туындайтын  компонент-
тердің  функционалдық  қатынасы  тұрғысынан  зерттеу  ісі  қазақ  тіл 
білімінде ХХ ғасырдың 20-50 жылдары қолға алынғанымен, құрылым-
дық  бағыт  үстемдік  құрған  кезде  қолданыстан  шығып  қалды.  Бірақ 
тоқсаныншы жылдардан бастап функционалды грамматиканың кешен-
ді  зерттеу  нысанына  айналуына  байланысты  бұл  бағыттың  өзектілігі 
арта түсті.
Ал коммуникативтік-прагматикалық бағыт – қазақ тіл білімінде-
гі  жаңа  бағыттардың  бірі.  Жалпы  сөйлем  атаулыны,  мəтінді,  құрмалас 
сөйлемді мұндай аспектіде зерттеу – бұл бірліктерді даяр тұрған статика-
лық қалыптан шығарып, оны динамикалық сипаттағы айтушы / жазушы 
мен  тыңдаушы / оқушы  арасында  түзілетін  үдеріс  ретінде  қарастыра-
ды. Нақты сөйлеу жағдаяты, белгілі бір коммуникативтік актінің жүзеге 
асуына ықпал етуші факторларды ескеру арқылы сөйлем табиғатын тану 
неғұрлым нақты талдау жасауға мүмкіндік береді.
Синтаксистік санаттарды зерттеуде бір ғана ілімге сүйенгеннен гөрі 
аталған бағыттар бойынша қарастыру сол синтаксистік бірліктің табиға-
тын неғұрлым толық тануға ықпал етері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет