Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет168/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Біреу тойып секіреді, біреу 
тоңып секіреді. Тоқ бала аш баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп 
ойламайды. Қараның қаны шыққанша, сарының жаны шығады. 
Ассоциативті  антоним,  ассоциативті  синоним  тіркестерінің  мəнін 
төмендегідей  негізде  ұғынуымыз  керек.  Контекстен,  сөйлемнен  тыс 
алғанда бір-бірімен антоним, синоним болмайтын жекеленген сөздер сөй-
лем компоненттерінде өзге сөздермен тіркесіп, сөйлем құрайды да, тұтас 
бір компонент екінші компонентпен логикалық тұрғыда антонимдік, не 
синонимдік қатар түзейді. Мысалы жоғарыдағы сөйлемдегі тою, тоңу 
етістіктері – контекстен,  сөйлемнен  тыс  алғанда  бір-бірімен  антоним 
бола алмайды. Мұндай сөздердің контекст құрамында антонимдік не си-
нонимдік қатар түзуі – жалпы сөйлем семантикасына тəуелді құбылыс.
Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дəмі кетпес (М.Жұмабаев).
...əрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, əрбір қайратсыз 
– қорқақ, мақтанғыш келеді (Абай).
Қарауыз бөлтіріктің аңшылық құмары қозып, бүкіл денесі серіппедей 
ширықты (И.Ермекбаев). 
Жоғарыда берілген құрмаластарды байланыстыруда ассоциативті си-
нонимдердің  мəні  зор.  Құрмаластардың  құрамында  синоним  сөздер  де 
қолданылады. Қазақ тіл білімінде сөйлем синонимиясы, синтаксистік си-
нонимдер туралы мəселелер аз көтеріліп жүрген жоқ [38]. Бірақ сөйлем 
синонимиясы мəселесі жай сөйлеммен немесе құрмалас сөйлемнің сала-
лас,  сабақтас  түрлерінің  арасында  синонимдік  қатар  түзуі  тұрғысынан 
қарастырылады. Осы жерде құрмалас сөйлем компоненттерінің арасын-
дағы құрылымдық синонимия мəселесінің зерттеушілер назарынан тыс 
қалғандығы жасырын емес. Стильдік мақсат басым тұрғанымен, мұндай 
сөйлемдердің семантикалық ерекшелігі айқын байқалады. Əдетте, ком-
поненттер  құрамында  етістік  синонимдер  (нану-сену,  қуану-шаттану, 
білу-анықтау), персондық зат есім синонимдер (дос-жолдас-құрбы-ба-
уыр) т.т.с. жекелеген синонимдермен бірге, семантикасы жағынан үндес, 
мазмұндас сөйлемдер қолданылады. Мысалы:
Сүйемін туған жерімнің
Топырағын, тасын да.
Сүйемін туған елімнің
Кəрісін де, жасын да (М.Мақатаев).
Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Қарағайға қарап тал 
өсер, қатарына қарап бала өсер (Мақалдар).
Синтаксистік  параллелизм  құбылысына  синонимия  құбылысы  жат 
емес.  Құрамында  антоним  мəнді  сөздері  бар  сықылды  бұл  сөйлемнің 
компоненттері бір-біріне ешқандай қайшылыққа құрылмаған, керісінше 
ассоциативтік синонимдік байланыс бар.
Жай  сөйлемдердi  байланыстыруда – сөйлем  мүшелерiнiң  алмасуы-
ның  да  маңызы  бар  екендігіне  С.М.Исаев  назар  аударады: «Бiр  компо-
нентте белгiлi бiр сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарып тұрған сөз келесi 
компонентте сөйлемнiң басқа мүшесi қызметiнде жұмсалады. Сөйтiп, ол 
екi (я  одан  да  көп)  жай  сөйлемдердiң  мағыналарын  ұштастырып,  бай-
ланыстырып тұрады. Мұндай конструкциялы жалғаулықсыз салаластар-
дың алғашқы компонентiндегi сөздiң орнына келесi компонентте соның 
мағынасын беретiн есiмдiк сөз қолданылады немесе айтылмай да қала-
ды, бiрақ оның бар екенi сол жай сөйлемнiң мағынасынан айқын сезiлiп 
тұрады», – дей  келіп,  оны  тілдік  фактілермен  нақтылап  көрсетеді [34, 
66 б.]. Бұл құбылысты ықшамдау құбылысымен де түсіндіруге болады. 
Алғашқы компонентте айтылған сөйлем мүшесі екінші компонентте қай-
таланбайды, оның орнын үнемдеу заңдылығына сəйкес есімдік ауысты-
рады немесе сөйлем құрамынан мүлдем сусып түсіп қалады.
Бастауыш пен баяндауыштың алмасуын С.М.Исаев былайша түсiн-
дiредi: “Ең қиыны – тұңғиық, əке, түбiне қашан жеткiзер? Екi жыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет