Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет162/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

құрылымдық аспектіде талдау мəселесі құрмалас сөйлемдерді топтас-
тыру мəселесімен, оның компоненттерінің баяндауыштық тұлғасына си-
паттама жасаумен шектелген болса, қазіргі заман, оның үстіне грамма-
тикадағы жаңа ағымдар аталған күрделі құрылым мен оның компонент-
терінің құрылымдық сызбасы, сөйлем үлгісі қандай болуы керек деген 
мəселе шетел жəне отандық тілтанушылар көзқарастарымен сабақтасты-
ра қарауды, қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді басқа қырынан да жү-
йелеуді талап етеді.
Ал функционалды аспект дегенде қандай мəселе басты назарда бо-
луы керек десек, алдымен, аталған саланың, функционалды грамматика-
ның қазақ тіл білімінде тек соңғы жылдары қолға алына бастағанын атап 
өтуіміз қажет. Жалпы функционалды грамматика терминінің (лат. functio
– орындалу) мəні – элементарлық тіл бірліктерінің функцияларын зерт-
тейтін  грамматикадағы  бағыт [22, 416 б.].  Америкалық  дескрептивті 
лингвистика мектебінің өкілдері функция сөзін «құрылымдағы позиция 
(позиция  в  конструкции)»  деп  қарастырады.  Тіл  білімінде  «функция» 
жəне  «мағына»  терминдерін  бір  мəнде  түсінетіндер  бар. «Грамматика-
лық функция» ұғымын «грамматикалық мағына» терминімен тең дəреже-
де қарастырғандарды В.У. Дресслер сынға алады: «...понятие функции в 
этом виде, в каком оно употребляется у А.В.Бондарко, является избыточ-
ным, так как оно слишком мало отличается от понятия значения», – дейді 
[23, 8 б.].Əрине, функция жəне мағына ұғымдарының арасында байла-
ныс бар, бірақ оған ешқашан теңдік белгісін қоюға болмайды. Функция 
(жұмсалым, қызмет) əртүрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асуы жəне 
бір құралдың өзі əртүрлі функция атқара алуы мүмкін. Аталған екі тəсіл 
де айтушы мен тыңдаушының ойлау-сөйлеу қызметінің үлгісін жасайды: 
айтушы үшін – мағынадан ойды білдірудің сыртқы құралдарына қарай, 
ал тыңдаушы үшін – құралдардан оның мағынасына қарай бағытталады. 
Қазіргі тілтанымда ғалымдар төмендегідей тілдік функцияларды көрсе-
теді: 
- коммуникативті;
- когнитивті немесе танымдық;
- эмоционалдық;
- эмотивті-волюнтативті немесе əсер ету функциясы;
- əлеуметтік [24].


174
175
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Ойды жарыққа шығарудың құралы ретінде сөйлемдер аталған функ-
циялардың қай-қайсысын да атқара алады. Құрмалас сөйлемнің семанти-
калық құрылымын лингвистикалық нысана деп тануда ғалымдардың бұл 
мəселеге əртүрлі аспектіде келуі бұл тілдік құбылысты түсінудегі пікір 
қайшылықтарын  шешуге  мүмкіндік  бермейді.  Алайда  нысананың  жал-
пылығы  мен  синтаксистік  тұжырымдамалар  дамуындағы  деңгейлердің 
жалпылығы  əртүрлі  жолмен  шешімге  келген  ғалымдардың  көзқараста-
рын біріктіретіндігі айқын. 
Бұл мəселені жалпы тіл білімі мен түркі тіл білімінде қарастырғандар: 
А.А.Потебня, А.Мейе, А.Рифтин, Г.С.Кнабе, Э.В.Севортян, А.З.Абдулла-
ев,  Н.З.Гаджиева,  Ф.Корш,  В.В.Виноградов,  К.Г.Солнцев,  Я.Солганик, 
А.М.Петровский,  Н.С.Поспелов,  И.Ф.Вардуль,  В.Г.Адмони,  Т.И.Силь-
ман, И.И.Мещанинов Н.К.Дмитриев, М.Ш.Ширалиев, К.Сартбаев, М.За-
киев,  Х.Тагизаде,  А.В.Бондарко,  Г.А.Золотова  жəне  т.б.  берілген  тақы-
рыпты  зерттеу  мен  қарастыру  тек  шетел  ғалымдарының  еңбектерінде 
ғана  емес,  қазақстандық  ғалымдардың  еңбектерінде  де  негізгі  нысанға 
айналғанын жоғарыда айттық.
Отандық  тілтанушылар  құрылымдық  жəне  функционалдық  аспекті-
ден  басқа,  синтаксис  логикалық,  семантикалық  жəне  коммуникативтік 
аспектіде  қарастырылып  жүргендігін  айтады [25, 362 б.].  Логикалық 
аспект бойынша зерттеу тілдік тұлғалар мен ойлаудың арақатынасын қа-
растырады. Мұнда сөйлем ойлау мен байымдауды беру үшін қолданыла-
тын тілдің синтаксистік бірлігі ретінде танылады. Жалпы құрмалас сөй-
лемдердің  қалыптасуы  адамның  танымдық  ой-əрекетінің  күрделенуіне 
байланысты. Логикалық ойлау, анализ бен синтез – құрмалас сөйлемнің 
ерекшеліктері. Бұл бағытты ұстанушылар сөйлем синонимиясына, сөй-
лем мəнін ашуда субъектінің маңызына айрықша мəн береді [26]. Комму-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет