1-компонент, 2-компонент, 3-компонент, соңғы компонент. Көп компонентті салаластың бірінші компоненті жалпылық мағынада
айтылып, кейiнгiлері мəнiн саралап ашып тұратын түсiндiрмелi сөйлем
түрiнде де көп кездеседi:
(3-сурет)
1-компонент: 2-компонент, соңғы компонент. Мысалы: Өз басыңа арыстан мен түлкiнiң мiнезiн қалыптастыр: арыстан – айбатты, түлкi – айлакер (Ш.Айтматов). Елдiң iшi сапы- рылысып жатқан əскер: бiресе қызыл келедi, бiресе ақтың əскерi келедi (Б.Майлин). Мұндай сөйлем құрамындағы компоненттердің алғашқысы – жалпы-
лама мəндегі түсіндірілуші компонент те, кейінгі компоненттер – оның
мəнін жеке-жеке ашатын түсіндіргіш компоненттер. Түсіндіргіш ком-
поненттің құрамында қанша сөйлем болса да, олар тұтасымен алғашқы
компонентпен байланысқа түседі.
Сондай-ақ осыған кері орын тəртіпті, дəлірек айтсақ, саралап түсін-
діретін мəндегі компоненттер алдымен келіп, соңында жалпылауыш не-
месе жинақтаушы мəндегі компонент тиянақтайтын жайттар да болады:
(4-сурет)