Синтаксистік парадигмалар


Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол



Pdf көрінісі
бет199/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   374
Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол кез келген жұмысқа поэзия 
ендіреді (Н.Г. Чернышевский). Кім тер төксе, сол алады.
Шіркін, Жетісудың табиғаты қандай, тау да, өзен-көл де, көк те, 
шөп те көп (“Парасат”). 
Мұнда алғашқы компонент бастауышы не баяндауышы сұрау есімдік-
терінен жасалып, екінші компонентте сұралған мүшенің жауабы баянда-
лады. 
Ауызекі  тілде  экспрессивті  компонентті  не  көп  күрделі  құрылымы 
кең тараған. Бұндай компоненттің сөйлем құрамына енуі əдеттегіден тыс 
көрініс болғанымен, ол ойды эмоционалды білдіруде қолданылады. Мы-
салы: Не көп, тор жайған аңшы көп (Ə.Тəжібаев). Осы күні ауылда не 
көп, жігіт көп (С.Мұқанов). Екінші компонентте алғашқы компонентте 
сұралған, ізделген субъектінің жауабы беріліп тұр. 
2) Алғашқы компоненттің баяндауышы мыналар, мынау, мынадай, сол 
сияқты жалпылауыш мəндегі сөздерден, сілтеу есімдіктерінен жасалған 
түсіндірмелі мəнді сөйлемдер болса, келесі компонент оның мəнін ашып, 
предикаты секілді қатынаста тұрады. 


226
227
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Мұстафаның  оларға  қолданған  шаралары  мыналар:  байталдың 
төрт сирағы төрт жылқы, бір жылқы – барлығы бес жылқы (С.Мұқа-
нов). Саған ашып айтарым сол: (не?) мен осында қаламын (Ə.Əбішев). 
Саған қояр шартым мынадай: шаршадым деп айтпайсың.
Құрмалас сөйлем компоненттері арасында бастауыштық қатынастың 
болатындығын  академик  М.Серғалиев  нысандық  қатынастағы  құрма-
ластардың болатындығын дəлелдеу мақсатында келтірген салыстыруын-
да  дəйектейді: “Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  табиғатынан,  яғни  оның 
басыңқы сыңарының бастауышы одан əрі нақтылану, дəлелдену мақса-
тында бағыныңқыдағы сұрау есімдігімен жарыса айтылатыны бар. Мұн-
дайда бастауыштық қатынастың ыңғайы көзге түседі. Мысалы:
Кім  сөзге  алдырмаса,  дауда  сол  жеңеді  (С.М.).  Бағаналы  даугері 
дұрыс айтып отыр ғой, жорықты кім бастаса, жосыққа сол жауапты 
ғой (С.Б.).
Ал  бұлардың  жай  сөйлемге  айналу  мəселесіне  келетін  болсақ,
ілгерідегі сөйлемдердің алмасу принциптеріне өте ұқсайды, бірақ мұн-
да  құрмаластың,  екі  сыңарындағы  бастауыштар  бірігіп,  бір  бастауыш-
тың  қызметін  атқарады.  Ол  бастауыштар  дара  ма,  күрделі  ме,  үйірлі
мүше ме – ол жағы құрмалас сөйлемдегі сөздердің тобына байланысты: 
Сөзге  алдырмаған  дауда  жеңеді;  жорықты  кім  бастаған  жосыққа
жауапты ғой [61, 218 б.]. Ғалымның синтаксистік синонимиканы ажы-
ратуға  арналған  бұл  салыстыруын  жалпы  құрмалас  компоненттерінің 
арасындағы синтаксистік қатынастарды ажыратуда қолданған теріс бол-
мас еді.
3)  Предикаттық  қатынастағы  құрмалас  сөйлемдердің  алғашқы  ком-
понентінің баяндауышы көбінесе сындық, сапалық мəнде (есім баянда-
уышты) болады да, оның мəні келесі компоненттерде ашыла түседі.
Мысалы: 
Əйелдер қызық: олар мықты жігіттің бойынан осалдық, осал жігіт-
тің бойынан мықтылық іздейді. Шындық та у, бірақ ол өлтірмейді, ем-
дейді (Қ.Мырза Əли). Оның бұтақтарының жиілігі сондай: бір ай нөсер 
жауса да, түбіне тамбайды (О.Бөкеев). Сақал-мұрты бар демесең, түп-
теп келгенде, осы Омардың өзі де жетім (Ғ.Мүсірепов). Алғаның жа-
ман болса, көңілің жарым. Түрі жуас көрінгенімен, мінезі жаман. Мінезі 
жайсыз болса да, өзі сөзге тоқтағыш.
Келтірілген  сөйлемдерде  алғашқы  компонентте  айтылған  ойдың  ке-
лесі компонент мағынасын айқындап, саралап тұр. Бірінші сөйлемде Əйел-
дер  қызық  тіркесімінің  мəні  айқындалса,  келесі  сөйлемде  у  сияқты
үшінші  сөйлемде  жиілігі  сондай  тіркесімдерінің  предикаты  іспеттес 
грамматикалық  қатынас  бар.  Өзара  субъект-предикаттық  қатынастағы 
мұндай сөйлемдердің компоненттері түсіндірмелі, қарсы, шарт мəнді се-
мантика-грамматикалық қатынастарға негізделген. 
Есім  баяндауышты  (əсіресе,  сын  есім  баяндауышты)  сөйлемдерді 
атрибутивті қатынастағы сөйлем деп танитындар да бар. Біздіңше, мұн-
дай  жағдайда  синтаксистік  бірліктің  (баяндауыштың,  анықтауыштың) 
басты  грамматикалық  белгісі  ескерілуі  тиіс.  Баяндауыштың  предика-
тивтілігі мен анықтауыштың есім сөздердің сыны, белгісі ретінде жұм-
салуы  басты  назарда  болуы  тиіс.  Төмендегі  мысалдарды  салыстырып 
көрейік:
1. Əйелдер қызық: олар мықты жігіттің бойынан осалдық, осал жі-
гіттің бойынан мықтылық іздейді (Қ.Мырза Əли). 
2. Мынадай қызық болған: мектепке алғаш түскен жылдарында Тай-
ман дүниеде мұғалім апайынан мықты адам жоқ деп ойлайтын (З.Қаб-
долов).
Алғашқы сөйлемнің екінші компоненті қызық баяндауышының мəнін 
ашып, Əйелдер қандай? деген сөйлемнің жауабы ретінде предикат сипа-
тында жұмсалса, екінші сөйлемнің екінші компоненті мынадай анықта-
уышының  мəнін  ашып,  Қандай  қызық  болған?  деген  сұрақтың  жауабы 
ретінде атрибуттық қатынаста жұмсалып тұр.
4) Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы синтаксистік қатынас-
тарды  анықтауда  тек  қана  жекелеген  сөйлем  мүшелері  емес,  синтагма-
лар, компоненттер арасындағы қатынас негізге алынады.
Тіл  білімінде,  логикада  субъект-предикаттық  қатынасты  бастауыш-
баяндауыштық,  тема-ремалық,  белгілі  мен  жаңа  арасындағы  қатынас 
ретінде талдап түсіндіреді. Мұндай бөлініске негіз болатын ұстанымдар 
туралы  Р.Г.Сибагатов: “Несмотря  на  существенные  различия  между 
принципами, лежащими в основе членений, общим являлось то, что все 
членения производились в рамках синтагматики. Обязательным услови-
ем для таких членений всегда считалось наличие сочетания двух глав-
ных, относительно самостоятельных, противопоставленных друг другу, 
словесно выраженных частей,” – дейді [62, 33 б.]. 
Екінші компонент бірінші компонентте айтылған қимыл-процесті да-
мыта түседі не жоққа шығарады. Сөйтіп екінші компонент алғашқы ком-
поненттегі ойдың предикаты секілді қатынаста тұрады:
а) Егер сіз келісім берсеңіз, (мен қайтер едім?) мен адал жар болуға 
серт берер едім (К.Сегізбаев).
ə) Осынша əзірлігі бола тұра, (ол қайтті?) ол тойын жасамай кетті 
(С.Мұқанов). 
б) Ханнан қырық туғанша, (кім тусайшы?) қарадан бір-ақ тусайшы 
(Махамбет).
в) Кебін киген келмейді, (кім келеді?) кебенек киген келеді (Мақал).
Компоненттер  арасындағы  семантика-грамматикалық  қатынастар  əр 
алуан: 1-сөйлем  шартты  бағыныңқылы, 2,3-сөйлемдер – қарсылықты 


228
229
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бағыныңқылы, 4-сөйлем – салыстырмалы  салаластар.  Мұндай  сөйлем-
дердің құрылымы:
1)  белгілі  субъект + белгілі  предикат – белгілі  субъект + белгісіз
предикатқа  меңзейді (1-2-сөйлемдер).  Алғашқы  компоненттен  екінші 
компонентте  айтылар  ойдың  жартысы  белгілі,  қандай  да  бір  іске,  қи-
мылға  меңзеп  тұр,  бірақ  нақты  қимылдың  өзі  тек  екінші  компонентте 
айқындалады;
2) белгілі субъект + белгілі предикат – белгісіз субъект + белгілі пре-
дикатқа меңзейді (3-4-сөйлемдер). Мұнда да бірінші компоненттен екін-
ші компонентте айтылар ойдың жартысы белгілі, қандай да бір субъект 
ізделіп тұр, ал ол субъект екінші компонентте айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет