216
217
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
а) көсемше
ə) есiмше
б) шартты рай жəне басқа етiстiк, есім формалары.
Жай сөйлемдердi құрмаластыру амал-тəсiлдерiнiң аталған түрлерi
автономды, жеке тұрып қана белгілі функция атқаратын форма емес,
қайта бұл тəсiлдер бiр-бiрiмен ұштасып, бірін-бірі толықтырып отыра-
ды, нəтижесінде бір-бірімен əрі семантикалық, əрі тұлғалық жағынан
үйлесе байланысқан құрмаластар қалыптасады. Тіліміздегі құрмалас
сөйлемдер аталған тəсіл түрлерінің бірі не бірнешеуі арқылы байланы-
сады.
Құрмалас сөйлемнiң салалас түрi мен сабақтас түрлерiнiң арасында
мынандай өзгешелiктер бар:
– салалас құрмалас сөйлем компоненттерiнiң баяндауыштары тұлға-
лық жағынан тиянақты формада айтылады да, сабақтас құрмалас сөйлем
компонеттерiнiң алдыңғылары тиянақсыз формада айтылып, тек соңғы-
сы ғана тиянақты формада болады;
– салалас құрмаластың баяндауыштары тең дəрежеде, теңдiк қатынас-
та тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы ком-
понент баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байла-
нысады;
– салалас құрмаластың жай сөйлемнен кейiн болатын интонациялық
кiдiрiсi едəуiр тиянақты болады да, сабақтас құрмалас сөйлем компонент-
терi арасындағы интонация тиянақсыз, елеусiз, көбінесе ұласпалы болып
келедi;
– салалас құрмалас компоненттерiнiң баяндауыштары өз бастауышта-
рымен қиыса байланысса, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерiнiң
баяндауыштары өз баяндауыштарымен үнемі қиыса бермейді;
– салалас құрмалас сөйлем компоненттерiн бiр-бiрiмен құрмаластыру
үшiн жалғаулық шылаулар қолданылады, ал сабақтас құрмалас сөйлем
компоненттерiн құрмаластыруда септеулiк шылаулар қолданылады;
– салалас құрмалас сөйлемнiң бірінші компонентi екінші компонентке
тұлғалық жағынан тəуелсiз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнiң
бағыныңқы компоненттерiнiң көпшiлiгi өзi бағынып тұрған компонентке
тұлғалық жағынан бағынышты болып келеді. Ал салалас, сабақтас құр-
маластардағы мағыналық тəуелділік немесе тəуелсіздік компоненттер
арасындағы синтаксистік қатынастар негізінде анықталып, функционал-
дық-семантикалық топтардың түзілуіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: