222
223
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Халқымыздың атам заманнан өмір сүріп келе жатқан жерлерi қан-
дай көлемдi болса, оған қатысты атаулардың да көп болатыны бəрiмiз-
ге белгiлi, соған байланысты жырдағы кездесетiн атаулар сөз болғанда,
бiз жырдың таралу аймағын да көз алдымызға елестетеміз.
Алғашқы сөйлемдегі бірінші салаласа байланысқан компонент пен
басыңқының арасында себеп-салдарлық қатынас орнаса, екінші сабақта-
са байланысқан компонент пен басыңқының компоненттің арасында
амал бағыныңқылық қатынас орнайды.
Ал екінші мысалдағы аралас құрмаластың алғашқы компоненті мен
екінші компонентінің арасында салыстырмалы, екінші компонент пен
үшінші компоненттің арасында ыңғайластық, үшінші мен төртінші ком-
поненттің арасында мезгілдік қатынас түзілген.
Көп компонентті құрмаластардың қай түрі болмасын, мағыналық,
құрылымдық жəне интонациялық тұтастыққа ие, көп өлшемдi құрылым
мен көп қабатты семантикалық қатынасқа негізделген синтаксистiк бiр-
лiк. Əсіресе соңғы белгілері – оның екі құрамды құрмаластардан басты
ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: