Синтаксистік парадигмалар


 Құрмалас сөйлемнің функционалдық түрлері



Pdf көрінісі
бет196/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

3.5.5 Құрмалас сөйлемнің функционалдық түрлері
Құрмалас сөйлем теориясы тарихында оны жіктеудің сан қырлы түрі 
ұсынылды.  Тұлғалық  ұстанымға  негізделген  есімше  арқылы,  көсемше 
арқылы,  шартты  рай  арқылы  құрмаласқан  құрмаластар;  құрылымдық 
ұстанымға  негізделген  ашық  құрылымды,  тұйық  құрылымды  құрма-
ластар;  байланысу  тəсіліне  қарай  жалғаулықты,  жалғаулықсыз  құрма-
ластар  т.т.  Əрине,  мұның  бəрі  құрмалас  сөйлем  табиғатын  тани  түсу-
ге  септігі  тиетін  топтастырулар.  Бірақ  оның  қайсысын  басты  түрі  деп 
тануымыз  керек  деген  мəселеде,  біздіңше,  күрделі  құрылымды  түзуде 
компоненттер арасында түзілетін синтаксистік қатынас алдыңғы орынға 
шығуы қажет. Құрмалас сөйлемнің мəні оны құрастырушы компонент-
тердің  мəнімен  бірдей  болмайтындығын  Г.Р.Абдалиева  былай  түсін-
діреді: «Объективно существующие грамматические свойства сложно-
го предложения (с одной стороны, оно состоит из частей, построенных 
по  определенной  формуле  простого  предложения  и  обладающих  пре-
дикативностью,  а  с  другой – обладает  смысловой  цельностью  комму-
никативной  единицы,  имеет  значение,  не  сводимое  к  сумме  значений
частей) позволяют по-разному толковать природу данной синтаксичес-
кой единицы» [59, 11-12 бб.]. Расында да құрмалас сөйлем оны құрас-
тырушы  жай  сөйлемдер  білдіретін  мағынаның  суммарлы  қосындысы 
емес, керісінше алдымен осы компоненттердің арасында түзілетін син-
таксистік  қатынас  негізінде  мəні  айқындалатын  күрделі  құрылым.  Ал 
кез  келген  синтаксистік  бірліктің  түзілуіне  ықпал  етуші  синтаксистік 
қатынас сөз тіркесінің түрлерін ажыратуда (атрибутивтік қатынастағы, 
адвербиалдық қатынастағы, нысандық қатынастағы т.т. сөз тіркестері), 
жай сөйлем аясында сөйлем мүшелерінің қызметін айқындауға, ал құр-
малас сөйлем аясында оның функционалдық түрлерін ажыратуға ықпал 
етеді.  ХХ  ғасыр  басында  қолданыста  болып  (А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұ-
банов,  Н.Сауранбаев),  бірақ  кейіннен  қолданыстан  шығып  қалған  бұл 
жіктелім  функционалды  ұстаным  алға  шыққан  қазіргі  кезде  лайықты 
орнын алуы керек. 
Құрмалас  сөйлемдер  компоненттері  арасындағы  қатынасты  екіге 
бөліп қарастырған дұрыс. Жалпы тіл білімінде синтаксистік байланыс-
тарды  əмбебап-логикалық  жəне  нақты  тілдік  бірліктер  негізінде  қарас-
тырады да, оның алғашқысына предикативтік, салаласа жəне сабақтаса 
байланысуды  жатқызады.  Байланысушы  екі  компонент  арасында  сөй-
лемде  айтылған  ой  мен  оны  білдіруші  тілдік  тəсілдердің  қызметі  мен 
мəнінің нəтижесінде пайда болатын қатынастарды функционалдық жəне 
семантика-грамматикалық  қатынастар  деп  бөліп  алып  қарастырылады. 
Қос компонент арасындағы функционалдық қатынастардың нəтижесінде 
пайда болған құрмаластарды:
–  айқындауыштық  қатынастағы  құрмаластар  (субъект-предикаттық 
қатынастағы  құрмаластар,  атрибутивтік  қатынастағы  құрмаластар,  ны-
сандық  қатынастағы  құрмаластар,  адвербиалдық  қатынастағы  құрма-
ластар);
– теңдік қатынастағы құрмаластар деп жіктейміз. Бір кездері қазақ тіл 
білімінде Н.Сауранбаев таптастыруына негіз болған (А.Байтұрсынов пен 
Қ.Жұбанов пікірлерімен үндес) бұл бөліністің қолданыстан шығып қа-
луының басты себебі құрмаластың түрлерін саралауда негізге алынатын 
ұстанымдардың сараланбауынан деп білеміз. Академик Н.Сауранбаев са-
бақтастарды жіктеуде бұл ұстанымды қолданудың тиімділігін былайша 
түсіндіреді: “Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемдердің қызметі 
бірдей  болмауымен  байланысты  сабақтас  сөйлемдер  мағына  жағынан 
бір өңкей болмайды, əрқилы болады. Сондықтан сабақтас құрмалас сөй-
лемдердің құрмаласу тəсіліне қарай ажырату мүмкін емес, өйткені жай 
сөйлемдерді құрмаластыратын формалардың мəні түрлі-түрлі. Мысалы, 
шартты  рай  формасы  арқылы  құрмаласқан  сабақтастағы  бағыныңқы 
əрқашан шартты білдірмейді, мезгілді де, қайшылықты да білдіреді. Осы 
себептен сабақтастарды түр-түрге жіктеудің бірден-бір дұрыс жолы – он-
дағы бағыныңқыларды қызметіне қарай жіктеу болады. Бағыныңқы сөй-
лемдер басыңқыдағы тұтас ойды айқындайды (анықтайды, толықтайды, 
пысықтайды), я болмаса сол басыңқыдағы бір тұрлаусыз мүшенің қыз-
метін атқарады да, соның орнына жүреді” [4, 76 б.].
Кезінде М.Балақаев бұл сөйлемдердің дені пысықтауыштық ыңғайда 
болатынын көрсетсе [12], Қ.Есенов бағыныңқы компоненттерді сөйлем 


224
225
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
мүшелері  ыңғайында  топтастырудың,  мағыналық  ұстанымға  негіздей
саралаудың тиімсіз жақтарын атап өтіп, сабақтастарды алдымен, қатыс-
тық, адвербиалды жəне ыңғайлас (соңғы еңбегінде үлестес деп атаған) 
деп  үш  топқа  жіктеп,  əрқайсысының  мағыналық  топтарын  ажыратқан 
[8]. Бұл жерде құрмаластарды топтастыруда біз ұсынып отырған саралау 
жалпы  қазақ  тіл  білімі  үшін  тосын  тұжырым  емес  екендігіне  баса  на-
зар аударғымыз келеді. Əр жылдары айтылғанмен, негізгі оқулықтар мен 
грамматикаларға бұл топтастырудың енбей қалуы «сөйлем мүшелерімен 
тавтологиядан қашу», «бір ғана ұстанымды негізге алу» үрдісінен туса 
керек. Синтаксистік бірлік атаулыға ортақ синтаксистік қатынастан құр-
малас сөйлемге келгенде бас тарту – ақиқатты мойындамау. Ал сөйлем 
табиғатын жан-жақты ашу үшін оны бір ғана қырынан алып қарастыру, 
əрине, жеткіліксіз. Құрмаластарды жоғарыдағыдай топтастыруға функ-
ционалдық ұстаным негіз болса, семантика-грамматикалық ұстаным 
нəтижесінде оларды:
– ыңғайлас мəнді құрмаластар; 
– шарт мəнді құрмаластар; 
– қарсы мəнді құрмаластар;
– салыстырма мəнді құрмаластар;
– мезгіл мəнді құрмаластар;
– себеп мəнді құрмаластар;
– амал мəнді құрмаластар;
– мақсат мəнді құрмаластар;
– түсіндірмелі қатынастағы құрмаластар;
–  кезектестік  жəне  талғау  мəнді  құрмаластар  деп  топтастыруға  бо-
лады.  Бұл  жерде  функционалды  грамматиканың  “мазмұннан  тұлғаға” 
принципі басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет