Субъект-предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Субъ-
ект-предикаттық қатынас – сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтак-
систік амал, ой білдірудің, мазмұнның жəне тема-ремалық мүшеленудің
ұйытқысы. Құрмалас сөйлемдер компоненттері арасында мұндай қаты-
настың көрініс табуын қазақ тіл білімі үшін тосын жаңалық деп тануға
болмайды. Кезінде А.Байтұрсынұлы бастауыш бағыныңқылы, Қ.Жұба-
нов, Н.Сауранбаев баяндауыш бағыныңқылы деп таныған құрмалас сөй-
лемдер бүгінгі тіліміз үшін де жат құбылыс емес. Аталған құрылымның
түркі тілдері грамматикаларына (мысалы, өзбек, ұйғыр тілі синтаксисіне
арналған зерттеулерде) бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы
деген атаумен енгендігі белгілі [62]. Аталған қатынастағы сөйлемдер
өзіндік құрылымдарға ие.
1) Мұндай сөйлемдердің субъектісі не предикаты сұрау есімдіктері-
нен жасалады: