Талғау жəне кезектес мəнді құрмаластар. Қолданыстағы грам-
матикаларда үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдер-
ге талғаулы жəне кезектес салаластар жатады. Талғаулы салаластар-
ды А.Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, С.Аманжолов бейтарап, ал
Қ.Жұбанов талғама салаластар деп атаған. Компоненттерiнде айтылған
iс-оқиғаның бiреуiнiң орындалу-орындалмауын талғай, болжау жасай көр-
сетедi. Жалғаулықтары: не, немесе, əйтпесе, əлде, не болмаса, я, құй, мейлi, яки. Аталған жалғаулықтар құрмалас сөйлем компоненттерiн байланысты-
рудан гөрi бiрыңғай мүшелердi байланыстыруда жиi қолданылады.
Т.Қордабаев талғаулы салаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде ком-
поненттердің интонациялық жағынан болмаса, мағына жағынан дербес
сөйлемдер екендігін жəне аталған сөйлемнің тек жалғаулықтар арқылы
байланысатынын көрсетеді [89, 69 б.].
Компоненттерiне айтылған ой, iс-əрекеттердiң бiрiнен соң бiрi кезек-
тесiп орындалатынын бiлдiретiн салаластың түрi кезектес салалас деп
аталады. Кезiнде С.Жиенбаев талғаулы жəне кезектес салаластарды, екi
жақтылығына орай, оларды бөлмей, бiрге қарастырған болатын, кейiн-
нен олардың мағыналық ерекшелiктерi сараланды. Кезектес салаластар-
дың жалғаулықтары: бiрде, бiресе, кейде. Алайда тілдік деректер кезектестердің жалғаулықсыз жасалатынын
да дəлелдеп отыр. Бұл жөнінде Т.Сайрамбаев пен Б.Сағындықұлы:
«Соңғы уақытта бұл жалғаулықтарсыз-ақ кезектес мəннің болатындығы
байқалды. Мұндай мəннің іске асуына есімдіктер қызметінің артуы
көмектессе керек: Кейбіреулері құлаған жерінде қозғалмай жатыр да, кейбіреулер алақ-жұлақ етіп өз атын іздеп жүр» [90, 61 б.].
Қазақ тіл білімінде тек салаласа байланысады деп танылып келе
жатқан құрмаластың аталған түрлері сабақтаса да байланысу арқылы да
тура осы мəнді білдіретіні айқын. Кезектестің сабақтаса байланысатын
түрі бар екендігін айтқан Қ.Шəукенұлы бұрын айтылмаған сабақтастың
болжалды сабақтас деген түрін қосады. Біздіңше, автордың көрсеткен
құрылымдық үлгісі негізінде қалыптасқан сөйлемдер тілімізде кездеседі,
бірақ тілтанушылар еңбектерінде талғаулы, кезектес салалас сөйлем-
дерді бірыңғай мүшелі, оралымды жай (күрделенген) сөйлемдермен ша-
тастыру фактілері кездеседі. Мысалы, талғаулы салалас деп көрсетіліп
жүрген төмендегі сөйлемдерге назар аударайық:
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суыта- ды. Тура келесің бе, əлде жолдағы ауылға соқтың ба? Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде əкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз ал- дына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді («Қазақ грамматика-
сынан»). Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді (Т.Қордабаевтан). Бұнысы жаңа көрген Көкен елінің мынау куəға не сенгенін көрсетеді немесе ел болып сынға салып, шыңға тартқысы келген байлауын танытады. Я асқан данышпан шығар, я дым білмейтін мылқау шығар. Жалғыз қалудан сескенді ме, əлде асықпай əңгімелескісі келді ме, əйтеуір Андрейдің бүгін қасында болуын қалап тұрды (Қ.Шəу-
кенұлынан).
Келтірілген сөйлемдердің барлығында талғау мəні бар, бірақ бұлар
құрылысы жағынан құрмалас сөйлем емес, ортақ субъектіге негізделген
жай сөйлемдер. Біздің ойымызша, құрмалас сөйлемнің əр компонентінде
субъект-предикаттық қатынастың болуы туралы қағида аталған бірлікте
де сақталуы тиіс.
Талғау мəнді құрмаластарға қатысты соңғы кезде жарық көрген ең-
бектерде оның таза талғау мəнімен бірге кейбір құрылымдарда талғау-
шарт мəнді Сен қазір жұмысқа кіріс, əйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын (Ə.Əбішев) [91, 695 б.], талғау-қарсылықты мəнде Сен оны өл-