264
265
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
дердің алғашқы компоненттері Қазақстанға не үшін бару қажеттігі, не
үшін адам өз-өзін сыйлау керектігі, не үшін аман болу кажеттігі жөнінде
айтылып тұр, дəлірек айтсақ, бірінші компонентте екінші компонентте
айтылған ойдың мақсаты баяндалып тұр. Компоненттер арасына
ол үшін
шылаулы тіркесін қойып айтуға болады.
Жалпы мақсат мəнді құрмаластардың жасалу жолы шартты сала-
ластарға көбірек ұқсайды. Бұл мақсат жəне шарт ұғымдарының бір-
бірімен сабақтастығынан туындаса керек. Қандай да бір мақсатқа жету-
дің белгілі бір шарттары болатыны белгілі (6-кесте).
6-кесте – Мақсат жəне шарт мəнді құрмаластар
Мақсат-шарт
Шарт-нəтиже
1
2
1) Егер де ақылыңыз дұрыс жұмыс
істесін десеңіз, өзіңіздің денеңізді
бақылап отырыңыз (Р.Декарт).
1) Өзіңіздің денеңізді бақылап
отырсаңыз, ақылыңыз дұрыс жұмыс
істейді.
2) Ақыл-ой қимылдауы үшін, дене
қозғалыста болуы қажет.
2) Дене қозғалыста болуы қажет,
сонда ақыл-ой да қимылдай бастай-
ды (Ж.Руссо).
3) Тоғыз жауға алдырмас үшін, сегіз
досың болуы керек.
3) Сегіз досың болса, тоғыз жауға
алдырмайсың (Қ.Мырза Əли).
4) Санаңды ашу үшін, тамақты тарта
же.
4) Тамақты тарта жесең, санаңды
ашар (Ф.Бэкон).
5) Қазіргі уақытта мəдениетті, са-
уатты адам деп саналу үшін, өзінің
ана тілін, өзінің əдебиетін сыйлауы,
бағалауы керек.
5) Кімде-кім қазіргі уақытта өзінің
ана тілін, өзінің əдебиетін сыйла-
маса, бағаламаса, оны мəдениетті,
сауатты адам деп санауға болмайды
(М.Əуезов).
Бұдан шығатын қорытынды: мақсат-шарт-нəтиже ұғымдарының ара-
сында диалектикалық байланыс бар. Бірінші бағандағы сөйлемдердің
мəніне назар аударайық: Мақсат не? Мақсат – (1) ақылды дұрыс жұмыс
істету, (2) ақыл-ойды қимылдату, (3) тоғыз жауға алдырмау, (4) сананы
ашу, (5) мəдениетті, сауатты адам деп саналу. Осы мақсатқа жету үшін
қандай шарт қажет? Шарт – (1) денені бақылап отыру, (2) дененің қозға-
лыста болуы, (3) – сегіз достың болуы, (4) – тамақты тарта жеу, (5) -
өзінің ана тілін, өзінің əдебиетін сыйлау, бағалау керектігі. Ал егер осы
сөйлемдер компоненттерінің орнын ауыстырсақ, дəлірек айтсақ, шарт
мəнді компонентті алға шығарсақ, мақсатымыз орындалған не күтілетін
нəтижеге айналады.
Тіл білімінде мақсаттық жəне себептік қатынастардың байланысы
жөнінде де айтылып жүр. Аталған қатынастардың байланысын Т. Жуке-
ев былай түсндіреді: «Синтаксистік қатынастардың ішінде синкреттене,
астаса келетін қатынастардың бірі – мақсаттық жəне себептік қатынас-
тар. Біз бұл тұста психологиялық негіз бар деп есептейміз. Психология-
дағы іс-əрекет теориясы бойынша, жалаң түрткі себеппен (мотив) ғана
болғанда, іс-əрекет əлі соқыр болады. Сондықтан іс-əрекет орындалуы
үшін оның мақсаты болу керек. Демек, түрткі себеп бар жерде мақсат,
мақсат бар жерде түрткі себеп болуы қажет. Міне, осыдан келіп мақсат
бағыныңқылы сөйлем мен себеп бағыныңқылы сөйлем синкреттенеді.
Мысалы:
Ұйықтасын деп бөбегім,
Домбыраның қос ішегін
Жамбыл бабаң қағады (Жамбыл).
Бұл сөйлемнің бағыныңқы сөйлеміне екі түрлі сұрау қоюға болады:
не себепті, не мақсатпен Жамбыл бабаң домбыраның қос ішегін қағады
»
[86, 21 б.] Бұл оларға қойылатын сұрақтардың мəндес, жасалу жолдары-
ның ұқсас болуынан да көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: