Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет221/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

тір,  болмаса  өзің  өлесің  (А.Бек) [91, 70 б.]  жұмсалатыны  көрсетіледі. 
Расында  да,  тілдік  бірліктерде  таза  талғау  мəнімен  қоса,  авторлар  көр-
сеткендей, талғау-шарт, сондай-ақ талғау-себеп, талғау-мезгіл, талғау-са-
лыстырма мəнді сөйлемдердің болатындығын байқадық. Жалпы талғау 
ұғымы болжау ұғымымен тығыз байланысты. Болжам жоқ жерде талғау 
да болмайды. Мұндай құрмаластардың тағы бір ерекшелігі – компонент-


270
271
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тері салаласа да, сабақтаса да байланысады. Ал оның əртүрлі мағыналық 
реңктері осы атаудың шеңберіне сияды.
Талғау-себеп: Поштаға сенбегендігі ме, жоқ əлде мен арқылы беріп 
жібергісі  келді  ме,  суырмасынан  шыққан  аппақ  даяр  пакет  аздан  соң 
менің  алдымда  жатты  (Ə.Сығай).  Жақсының  жанына  арашашы  бол-
дың ба, əлде жаманның малына қорғаншы болдың ба, екі ауыз сөзді біл-
дім деп хан қасына отыруға нең лайық? («Ел аузынан»).
Талғау-мезгіл: Айшаға құда түсіп кеткеннен кейін бе, əлде қыстауға 
көшер алдында ма, қашан келгені есімде жоқ.
Талғау-салыстырма
Аспандағы ай ма екенсің,
Жер бетінде гүл ме екенсің? 
Ай мен күн бе екенсің,
Мың бір түн бе екенсің,
Жұлдыз қызсың алқа, моншақ тағынған.
Жайылған қамырды ірілеу етіп турайды немесе ұнның қатты сор-
тынан жасалған макарон қолданылады («Парасат»). 
Талғау мəнді құрмаластарды байланыстырады деп көрсетіліп жүрген 
немесе,  болмаса  жалғаулықтары  үнемі  осы  мəнде  қолданыла  бермейді. 
Бұл жөнінде А.П.Поцелуевский: «Отдельные условные формы «болса», 
«гөрсе», «егса», «болмаса» и т.п., ранее представлявшие собой предикат 
полного условного предложения, но с течением времени окаменевшие и 
почти утратившие свое прежнее материальное значение, могут также вы-
полнять функцию союзных слов в значении русских «а», «что касается», 
«глядь», а... и т.п.», – дейді [92, 80 б.]. Кейіннен өзге де түркітанушылар 
тарапынан мойындалған бұл пікірді қазақ тілінің материалдары да дəлел-
дей түседі. Салыстырыңыз:
Талғау мəнді
Бірге  барғанымыз  дұрыс-ау,  болмаса 
өзім бара беремін де (Ə.Нұршайықов).
Өзі кетіп құтылды ма екен, немесе аға-
сының ықпалы болып па? (Б. Майлин) 
Шарт мəнді
Уəдеңді  бер,  болмаса  қыз  жоқ 
саған.
Сен  қазір  жұмысқа  кіріс,  неме-
се  мен  сені  бұл  маңайдан  қуамын
(Ə.Əбішев). 
Компоненттер  арсындағы  мағыналық  қатынасты  ажыратуда  жалғау-
лықтар  шешуші  рөль  атқара  бермейді.  Мұндайда  компонент  баян-
дауыштарының  формасы  білдіретін  шақтық  мағынаның  да  үлесі  бар. 
Жоғарыдағыдай  жалғаулықтар  арқылы  байланысқан  құрмаластардың 
алғашқы  компонентіндегі  іс,  оқиға  екінші  компоненттегіден  бұрын 
орындалып қойған болса, талғау мəнді құрмалас түзіледі де, ал екі ком-
понентте де əлі орындалмаған, əсіресе, бірінші компонент бұйрық рай-
дың ІІ жақ формасы арқылы жасалып, екінші компонент І жақта тұрған-
да (дəлірек айтсақ, І жақтағы субъект ІІ жақтағы субъектіге шарт қойса) 
шарт мəнді құрмаластар түзіледі.
Талғау  мəнді  құрмаластардың  ішінде  өзіндік  ерекшелігі  бар  құрма-
ластардың  бірі – баяндауышы  жоқ  сөзі  арқылы  жасалған  құрылымдар. 
Бұл  жөнінде  Қ.Есенов: «Сөйтіп,  талғаулы  салалас  сөйлемдерде  оқиға, 
əрекеттердің  орындалу  барысы  жағынан  «екінің  бірі»  ғана  болып  оты-
рады. Ал осы сөйлем компонент баяндауыштары болымсыздық мəндегі 
жоқ сөзімен берілсе, бұл заңдылық та болмай қалады, тек талғаулық мəн 
сақталады:  Бұл  жерде  не  шөп  жоқ,  не  қамыс  жоқ», – дейді [8, 42 б.]. 
Бұл жерде жоғарыда айтылғандай, болжау жоқ, болжау болмағандықтан, 
талғау мəні де солғын, сөйлеуші нақты нəрсені баяндап тұр: Көз тоқта-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет