Синтаксистік парадигмалар


Оқытушы өткізетін өздік жұмыс



Pdf көрінісі
бет224/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Оқытушы өткізетін өздік жұмыс
1) Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты пікір айтқан ғалымдар 
мен олардың пікірлеріне концептуалды кесте жасап, толтырыңыз. 
2)  Көне  түркі  ескерткіштеріндегі  жазба  мəтіндерден  құрмалас  сөй-
лемдерді теріп жазып, компоненттердің байланысу амалына назар ауда-
рыңыз.
3) Мəтіндерден құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, құрмаластардың 
архетипіне болжам жасаңыздар. Қайсысы екі сөйлемнің түрлі дəнекерлер 
арқылы  байланысуынан  (гипотаксис),  қайсысы  салаласа  байланысқан 
сөйлемдерден  (паратаксис),  қайсысы  синтаксистік  деривация  негізінде 
қалыптасқандығын анықтаңыз. 
4)  Құрмалас  құрамындағы  сөйлемдерді  байланыстырушы  семанти-
ка-грамматикалық  жəне  синтетикалық  тəсілдерді  көрсетіңіз,  сөйлемге 
синтаксистік талдау жасаңыз. 
5) Көркем əдебиеттен айқындауыштық, адвербиалдық жəне теңдік қа-
тынастағы құрмаластарға 10 мысал теріп жазыңыздар.
6) Ыңғайлас жəне мезгіл мəнді құрмалас сөйлемдер тауып, Т-кестеге 
түсіріңіздер. 
7) Субъект-предикаттық, объектілік, атрибутивтік қатынастағы түсін-
дірме мəнді құрмаластардың əрқайсысына 3 мысалдан жазыңыз, талдаңыз.
8) Контекстен тыс алғанда шарттық, мезгілдік , себептік т.т. мəн біл-
діретін бірнеше құрмалас сөйлемді тауып, оған контекст аясында қайта 
талдау жасаңыз. 
9)  Ассоциативті  антонимдер  мен  синонимдер  арқылы  жасалған
салыстырма  мəнді  құрмаластардан  салыстыру  заты  (А),  салыстыру
образы (В), салыстыру негізі (С), салыстыру көрсеткішін (m) табыңыз-
дар. 
10) Есімше формалары арқылы құрмаласқан сөйлемдердің парадиг-
малық қатарын жасаңыз. 
11) Көсемше формалары арқылы құрмаласқан сөйлемдердің парадиг-
малық қатарын жасаңыз. 
12) Шартты рай арқылы құрмаласқан сөйлемдердің парадигмалық қа-
тарын жасаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет