Синтаксистік парадигмалар


сы жағынан алғанда толық аяқталып



Pdf көрінісі
бет232/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   374
сы жағынан алғанда толық аяқталып
дауыс  толқынының  (интонацияның)  ты-
нуы (З.Ахметов).
кемі  екі  дербес  сөйлемнен 
(мейлі  ол  жай  сөйлем  болсын, 
мейлі ол құрмалас сөйлем бол-
сын) тұратын бірлік
Мағынасы  жағынан,  ішкі  құрылысы 
жағынан  жекелеген  өлеңнің  екі  жолы - 
шумақтың  ең  қарапайым,  ықшамды  түрі 
(З.Ахметов).
күрделі  синтаксистік  тұтастық 
құрамындағы  дербес  сөйлем-
дер  бір-бірімен  белгілі  бір 
тəсілдермен байланысып тұра-
ды
Сөйлемнің синтаксистік құрылысы, дауыс 
толқынының  (интонация)  өзгеріп,  түр-
ленуі  жағынан  алғанда  да,  қатар  келген 
бірнеше  тармақ  жалғастық,  жақындық 
(айталық,  синтаксистік  параллелизм,  не 
болмаса  сөйлемнің  интонациялық  сипа-
тындағы біркелкілік) ұшырасуы ықтимал. 
Бірақ бұлар да əр тармақтың қалайда бел-
гілі дəрежеде дербестігі болатынын жоққа 
шығара алмайды (З.Ахметов).
сөйлемдердің 
белгілі 
ойға 
(тақырыпшаға) қазықталуы
Ой  тізбегі  қалай  да  шексіз,  шетсіз  созы-
ла  бермейді.  Түйін-түйін  болып,  үзіліп, 
аяқталып,  жаңадан  басталып,  жалғасып 
отырады;  əр  шумақ  біткенде  айтылатын 
бір  түйін  ой  (тақырыпшамен  салысты-
рыңыз – Ж.Ж.)  не  аяқталып,  не  белгілі 
дəрежеде  тиянақталып  отырады  (З.Ахме-
тов).
ойдың тиянақталуы
Шумақтың  тұтастық-бірлігін  күшейтіп, 
жекеленіп  бөлінуіне  себін  тигізетіндер – 
айтылатын  ойдың  белгілі  дəрежеде  тия-
нақталуы;  əр  шумақ  біткенде  айтылатын 
бір түйін ой не аяқталып, не белгілі дəре-
жеде тиянақталып отырады (З.Ахметов).
интонациялық  (просодикалық) 
тиянақтылық,  интонацияның 
тынуы
Шумақтың  тұтастық-бірлігін  күшейтіп, 
жекеленіп  бөлінуіне  себін  тигізетіндер – 
....  дауыс  толқынының  (интонацияның) 
тынуы (З.Ахметов).
тұтас  мəтіннің  сөйлемнен  үл-
кен бөлігі. Сондықтан да мəтін 
аясында  бұлардың  арасында 
белгілі  бір  байланыс,  жалғас-
тық болады.
Шумақтың  ой,  мағына  жағынан  бөлек-
теніп,  оқшауланып  тұруын  дұрыс  түсіну 
керек.  Бұл  алдыңғы  шумақтағы  ойдың 
арасында  жалғастық,  жақындық  болмай-
ды  деген  мағынаны  білдірмейді.  Ондай 
жалғастық,  əрине,  бола  береді.  Кейде 
бір  шумақ  пен  екінші  шумақ  мағына-ой 
жағынан тығыз байланысты болып келуі


286
287
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
де  ықтимал.  Ой  тізбегі  қалай  да  шексіз, 
шетсіз  созыла  бермейді.  Түйін-түйін  бо-
лып, үзіліп, аяқталып, жаңадан басталып, 
жалғасып отырады (З.Ахметов).
функционалдық  сипатына  қа-
рай  үш  типке  бөлінеді:  сипат-
тама  (суреттеме),  баяндау  (əң-
гімелеу), дəлелдеме (ойталқы).
«Əуезе  көбінесе  үш  тақтаға  бөлінеді:
1) мəлімдеу, 2) мазмұндау, 3) қорыту. Де-
мек, «тақта»,  яғни,  шумақтың  қара  сөзге 
де  тиесілі  екенін  аңғартады  (А.Байтұр-
сынұлы).
Көбінесе күрделі синтаксистік тұтастық деп аталып жүрген бұл бір-
лікке  қатысты  пайдаланылып  жүрген  терминдер  баршылық.  Атап  айт-
қанда:  синтаксистік  күрделі  бірлік,  микротекст,  сверхфразовое  един-
ство, сложное составное единство, сложное целое, период, абзац, текст, 
прозаическая строфа (Г.Я.Солганик). Қазақ тіл білімі орыс тілі оқулықта-
рында қолданылып жүрген «сложное синтаксическое целое» аталымын 
калькалап аударып алды. Шын мəнінде, «күрделі синтаксистік тұтастық» 
деген тіркестің берер мағынасы бұл санатты дəл сипаттай алмайды. Өйт-
кені сөйлемнің, тіпті жай сөйлемнің, өзі күрделі бола алады, ол да син-
таксиске тəн, оның да тұтастық сипаты бар, ендеше «сөйлемді» де күр-
делі синтаксистік тұтастыққа жатқыза аламыз. 
Қорыта  келгенде  айтарымыз – «шумақ»  терминін  əмбебап  етіп  (тіл 
мен əдебиетке, поэзиялық мəтін мен прозалық мəтінге ортақ етіп) қолда-
нуға əбден болады. Оны өлең мəтініне ғана емес, жалпы мəтіннің бөлігі, 
сөйлем мен мəтіннің арасындағы иерархиялық буын ретін қабылдау қа-
жет.  Əрине,  өлең  синтаксисінің  өзіндік  ерекшелігін  (тіпті,  сөзбен  сөзді 
байланыстырудағы,  сөздердің  орын  тəртібі  мен  ырғағындағы,  ұйқасы 
мен өлшеміндегі ерекшеліктерді) елемеуден аулақпыз. Ол арнайы жол-
дармен түсіндіріліп, пайымдалуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет