Синтаксистік парадигмалар


лое. ..... Термин «строфа» возник в древнегреческой трагедии и означал  часть текста



Pdf көрінісі
бет231/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   374
лое. ..... Термин «строфа» возник в древнегреческой трагедии и означал 
часть текста (қоюлатқан біз. – Ж.Ж.) « [4, 178-179 бб.].
 Бұл анықтамада бізге шумақтың синтаксистік бүтін екендігі туралы 
сипатымен қоса мəтіннің бөлігі екендігі туралы сипаты пікірімізге азық 
болуы үшін аса қажет. («Строфа» деген термин көне гректер трагедия-
ны  қазіргі  біздің  көруіміздегідей  емес,  шеру  түрінде  өткізіп  отырған 
екен, оқиғаның бір бөлігі тиянақталған соң, шеру бағытын бұрады екен. 
Демек,  оның  алғашқы  шығуының  өзінде  тұтастықтың,  бүтіннің  тия-
нақталған бөлігі іспеттес мəн болған). 
Сонымен қатар З.Ахметов мұнан бұрынғы бір жазғанында: «Кейінгі 
кездерде шумақ құрылысы жан-жақты – мағыналық, интонациялық, син-
таксистік, ырғақ құрылысы жағынан зерттеле бастады», - дегенді айтады 
[5, 696-697 бб.]. Анықтамалық əдебиеттер болғандықтан ба, əлде ғалым 
нұсқау жасауды ғана мақсат тұтты ма, мағыналық, интонациялық, син-
таксистік жағынан қалай зерттеліп жатқанын тарқатып көрсетпейді.
Енді шумақ туралы айтылған сипаттарды мəтін тілтануында көбінесе 
күрделі синтаксистік тұтастық деп аталып жүрген бірлікпен салыстырып 
көрейік.
Өлең  синтаксисін  Абай  поэзиясының  негізінде  тамаша  зерттеген 
көрнекті  ғалым  Р.Ғ.Сыздықтың  монографиясында  шумақ  пен  күрделі 
синтаксистік тұтастықтың сəйкесуі мен сəйкеспейтін тұстары қарасты-
рылған. 
Ғалым  Абай  өлеңдерінің  мысалында «... мағыналық  тұтастығы, ... 
субъект ортақтығы ... арқылы шумақ синтаксистік тұтастық құрайтынын 
айтады [6, 46 б.]. 
Ал  «Абзацтарға  бөлінбейтін  астрофикалық  өлеңдегі  тармақтар  бай-
ланысында,  біздіңше,  екі  түрлі  құбылыс  байқалады.  Мысалы,  тармақ 
саны  шағын,  əрі  бір  ұйқаспен  берілген,  бір  идеяға  бағышталған  өлең 
көбінесе бір күрделі синтаксистік тұтастық болады». Сонымен қатар «...
астрофикалық өлеңнің ішінде сыртқы белгілер (ұйқас, модальдық реңк, 
субъект бірліктері) арқылы абзацтарға бөлінбейтін, көбінесе бір ұйқасқа 
құрылған  едəуір  мол  тармақтан  тұратындары  бірнеше  синтаксистік 
шоғырға топталады. [6, 49 б.].
Қалай десек те, ғалым абзац жəне күрделі синтаксистік тұтастық са-
натын шумақпен межелейтініне көз жеткізуге болады.


284
285
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Жоғарыда  дəйексөз  етіп  алынған  пікірлердің  ішінде  айрықша-
лаған ұғымдарға қайта оралайық. Біріншісі – А.Байтұрсынұлы айтқан 
«тақта».  Бұл  тақта  сюжеттік  (əуезе)  прозада  да  бар  екен,  олай  болса, 
созбай түйіп айтсақ, прозада да (мейлі ол ғылыми, мейлі көсемсөздік, 
мейлі  ресми,  мейлі  көркем  болсын)  шумақ  бар  екеніне  оңай  көз  жет-
кізуге болады. 
Профессор  Т.Р.Қордабаевтың  грамматикамызда  күрделі  синтак-
систік  тұтастық  деп  аталып  жүрген  санатты  ғылыми  айналымға 
алғашқы енгізушілердің бірі екені белгілі. Сол алғашқы талпынысын-
да бұған термин таңдауда «мұны сөйлемдер шумағы» десе артық бол-
майтынын  айтады [7, 191-198 бб.].  Күрделі  синтаксистік  тұтастықты 
зерттеушілердің  пікірлері  бір  тоқтамға  келді  демесек  те,  оның  негізгі 
белгілері айқындалып қалды [8]. Оларға мынадай сипаттарды жатқы-
зуға болады:
1. кемі екі дербес сөйлемнен (мейлі ол жай сөйлем болсын, мейлі ол 
құрмалас сөйлем болсын) тұратын бірлік, дербес сөйлемдер бір-бірімен 
белгілі бір тəсілдермен байланысып тұрады;
2. ол сөйлемдердің белгілі ойға (тақырыпшаға) қазықталуы;
3. ойдың тиянақталуы;
4. интонациялық (просодикалық) тиянақтылық, интонацияның тынуы;
5. тұтас мəтіннің сөйлемнен үлкен бөлігі. Сондықтан да мəтін аясын-
да бұлардың арасында белгілі бір байланыс, жалғастық болады.
6. функционалдық сипатына қарай үш типке бөлінеді: сипаттама (су-
реттеме),  баяндау  (əңгімелеу),  дəлелдеме  (ойталқы  термин  профессор 
Б.Шалабайдікі).
Енді  əдебиеттанушылардың  шумаққа  тəн  етіп  көрсеткен  бел-
гілерімен,  тілтанушылардың  күрделі  синтаксистік  тұтастықтан  көр-
ген белгілерін салыстырып кестемен көрсетейік (сонда екеуінің үйлестігі 
көрнекілене түседі):
8-кесте 
күрделі синтаксистік тұтастық Шумақ
күрделі  синтаксистік  тұтастық 
сипаты
«Как правило, объединенные рифмой сти-
хи в строфу и представляют ритмическое 
и синтаксическое целое (Л.И.Тимофеев).
компоненті - грамматикалық 
жағынан аяқталған дербес сөй-
лем
Шумақтың тұтастық-бірлігін күшейтіп, же-
келеніп бөлінуіне себін тигізетіндер – ай-
тылатын  ойдың  белгілі  дəрежеде  тиянақ-
талуы, сөйлемдер синтаксистік құрылы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет