300
301
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
_____________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
в) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
________________________________________________________
6-сурет
Тағы бір мысал:
№ 17.
Даланың көп жетіліп, айнала ұзатылатын қыздай жасанып
тұр. Қараған, тобылғы тeгic бүрленген: бетеге мен қияқ түсардан
келіп, сəл жел тұрса шайы шымылдықтай сусыл қағады. Ауадан күн
нұрына қаныққан көк шөптің иісі бұрқырайды. // Қанағат кеудесін
көріктей кepiп, терең тыныс тартты. Мана үй ішінде бip түрлі қа-
паланып, тұншыққандай болып еді, далаға шыққалы сарайы ашылып,
бойы жеңілденіп қалды. Қолтығынан демеп жүрген інici Нұрғазы-
дан əдейі шетке қағылып, өз бетімен таяққа сүйеніп apы-бepі жүрді
(Қ.Жұмаділов).
Бұл абзацтан екі шумақ бөліп шығаруға болады (шекарасы «//» бел-
гісімен таңбаланған). Бұл бір абзацты екі шумаққа бөлуге мынадай негіз
бар: егер бір абзацқа екі шумақ енгізілсе, нақты аумақтан (абзац көлемі-
нен) тақырыпшалардың бір емес екені байқалып тұрады. Мына мысалда
бірінші шумақта табиғат суреті берілсе, екінші шумақта кейіпкердің нақты
əрекеті баяндалып тұр. Тақырыптың өзгеруі баяндау жосығының, сөйлем-
дер құрылымының өзгеруінен де байқалады: бірінші шумақта ауыспалы
осы шақтағы, екінші шумақта жедел өткен шақта сипатталып тұр.
Сөйтіп, шумақты мəтіннен ажыратып бөлектеу үшін абзац пен шу-
мақты теңестіре қарауға келмейді, алайда шумақтың шекараларын ме-
желеуде абзац бағдарға алынуға тиіс. Бұл, біріншіден, зерттеушінің я
талдаушының көз аясында нақты шекті көлем тұратындықтан, шумақты
бөлектеп алуды жеңілдетеді. Екіншіден, шумақты шекаралар алдында
абзацтың эмфазалық құрал ретінде қалай қолданылып тұрғанын (жаңа
ойды белгілеу үшін бе əлде белгілі бір ақпарға айрықша назар аударту
үшін бе) анықтау, осы абзац мəтіндегі бір шағын тақырыпты тиянақтап
тұрған-тұрмағанын анықтап алу қажет. Бұл үшін абзацтың бастапқы
жəне соңғы сөйлемдерін олардың көршілес сөйлемдермен семантикалық
жəне құрылымдық қатынастарын ескере отырып жоғарғы жəне төменгі
абзацтарға ойша «жылжытып» көру керек. Егер бұл сөйлем я сөйлемдер
ойша апарып қойылған абзацпен тақырыптық, мағыналық-құрылымдық
жағынан кірігіп тұратын болса, онда олар сол абзацқа қосылып бір шу-
мақ құрамына кіреді, керісінше болса, сол өзі тұрған абзацта қалып со-
нымен шумақтас болады.
Осы бір нақты амал нысанды əрі қолайлы болып көрінеді. Сонда мəтін
бойындағы құрылымдық жəне мағына-мазмұндық сипаттар ескеріледі.
Əрі бұл амалда əмбебаптық сипат бар.
Абзац пен шумақты бір-бірінен ажырататын басты қағида сол, шумақ
– объективті факторға, абзац субъективті факторға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: