Синтаксистік парадигмалар


Өмірде жоқшылық, тарығушылық бар дейтін, бірақ оны біз көрме- ген едік. Өмірде



Pdf көрінісі
бет252/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   374
Өмірде жоқшылық, тарығушылық бар дейтін, бірақ оны біз көрме-
ген едік.
Өмірде еріксіздік, езушілік бар дейтін, біз оны да көрмеп едік.
Біздің өмір бақытты өмір еді (С.Ерубаев).
Бұл  мысалдарда  анафоралық  лексикалық  параллельділік  құрылым-
дық параллельділікпен қатарласып тұрғанын көруге болады, сондықтан 
мұндай жарыспалылықты лексикалық-құрылымдық параллельділік деп 
атауға болады.
Мына бір үзіндіні қарастырайық:
Болыстардың көбі соңғы кездегі сайлауларда іске ширақ, тіл білетін-
деу жастардан сайланып еді.
Көбі  жиырма  бес,  отыз  бес  арасындағы  жассымақ,  адамдар  бо-
латын.  Көбінің  ел  ортасында  соншалық  зор  салмақ  беделі,  абырой, 
атақ-айдыны да жоқ ... (М.Əуезов).
Бұл шумақта сөйлемдердің белгілі бір мүшесі қайталанып қана тұрған 
жоқ, ол мүшелер əртүрлі грамматикалық формада, əртүрлі синтаксистік 
қызметте тұр, оның үстіне анафорамен қайталанып тұрған – бірінші сөй-
лемдегі негізгі сөз «болыстардың» сөзінің көмекші сөзі «көбі». Лексика-
лық жəне морфологиялық-синтаксистік құралдардың бірыңғайлығы сөй-
леу ағынын жарыспалы қатар арнаға түсіреді. Мұндай параллельділікті 
грамматикалық-лексикалық параллельділік деп атауға болады.
Қазақ  тілі  шумақтарында  баяндауыштар  эпифоралық  тұрғыда  көп 
қайталанады.  Алайда  қарастырып  отырғанымыз  стильдік  айшықтар 
екенін ескеріп, оны норма талабымен қарасақ, эпифораның, негізінен, 
шешендік  сөздерде,  поэзияда  қолданылатынын  атап  айту  қажет.  Ал 
прозалық  шумақта  эпифоралық  байланыс  сирек  кездеседі,  оның  үсті-
не  мұндайда  параллельділік  басқа  құралдармен  қабаттасып  отырады. 
Мысалы:
(...)  Қайта,  бір  жұбансаң,  олардың  осы  міндетті  ауырсынбай  кел-
геніне  жұбанасың.  Сонсоң – міндеттер.  Жөндеп  сəлемдесу  міндеті, 


320
321
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тіпті  сəлемдеспеу  міндеті.  Қағанағы  қарқ,  сағанағы  сарқ  бейқам  жі-
гіт болып көріну міндеті. Сүбесі сере көп мəстектің ойын-шыны аралас 
атқан оқтарын жұтып жіберу міндеті. Сонсоң түн, қандала, қайта-
дан пластинка – «Қосбасар» мен «Чакона» (О.Сүлейменов).
Басқаша мысал:
Амал қанша, сен суға кеттің. Сен өмірі өзіңнің балыққа айнала ал-
майтыныңды білдің бе екен. Сен еш уақытта Ыстықкөлге жүзіп барып, 
ақ кемені қарсы алып: «Армысың, ақ кеме, бұл келген мен ғой», - деп айта 
алмайтыныңды білдің бе екен (Ш.Айтматов).
Бұл мысалда анафора да, эпифора да бар. Дербес сөйлемдерді осы-
лайша шегендеу сөзге ерекше айшық беріп тұр.
Анафора  мен  эпифора  стильдік  санатқа  жататындықтан,  бұл  айтар-
ман  я  жазарманның  стильдік  мақсатына,  өрнегіне  қатысты  болып  ке-
леді,  яғни  субъективтілік  тəн.  Сондықтан  мұның  түрлі  көріністері  мол 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет