пе-теңдігі, жақтық-шақтық біркелкілігі жəне анафора мен эпифора арқылы жүзеге асады.
Құрылымдық тепе-теңдік тəсілі. Сыңарлардың құрылымдық те-
пе-теңдігі сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орын тəртібі мен саны, жа-
салу жолдары бірдей, кейде шамалас болуынан көрінеді.
Жұрттың куілдесіп жиналуы да күннен-күнге өршіп көбеюде. Ел- дің қопаңдап үрейленуі де күннен-күнге күшеюде. Орыс поселкелеріне жақындау отырған кейбір елдердің үркіп, алыстағы ел ішіне қарай кө- шуі де көбейді. Жұрт күңірене бастады (С.Сейфуллин).
Бұл бірлікте алғашқы екі сөйлемнің құрылымы бірдей, сөздердің
орын тəртібі біркелкі, саны шамалас, сөйлем мүшелерінің грамматика-
лық пішіндері де бірдей (ауытқу бірінші сөйлемдегі «өршіп» пысықта-
уышында ғана). Сыңарлар арасында мезгілдестік қатынас бар. Үшінші
жəне төртінші сөйлемдер құрылым өзгешелігімен жарыспалықты тұ-
йықтап тұр (бірінші, екінші сөйлемдердегі осы шақтық үдеріс кейінгі
сөйлемдерде жедел өткен шақтық баяндауға ауысады).
Дербес сөйлемдердің жарыса қатарласуы олардың лексикалық құра-
мына тəуелді бола бермейді. Алайда сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің
орын тəртібі мен грамматикалық пішіндерінің біркелкі болуы міндетті.
Мысалы:
Айдаладағы көл тіршілігі де қызық қой. Кейде түн ортасында қамыс ішінен неше сырлы үн естіледі. Көл күрсінеді, көл жылайды, көл сыбырлайды, көл күледі. Күн бата ұйқыға кететін құстар кей түндері тым-тырыс бұйықса, кейбір түндері мазасызданып шығады (С.Жүні-
сов).
Бұл үзіндідегі бастапқы сөйлемнен басқасы лексикалық толымының
əр түрлілігіне қарамастан тұрлаулы мүшелерінің бірдейлестігінің (баста-
уыштары зат есімнен, баяндауыштары ауыспалы осы шақпен беріліп
тұр: үн естіледі, көл күрсінеді, көл күледі, кұстар мазасызданып шыға- ды) ықпалымен санамаланып мезгілдестік қатынаста тұр.