Синтаксистік парадигмалар


Анафора  мен  эпифора  шумақ  сыңарларының  жарыспалы  байла-



Pdf көрінісі
бет251/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Анафора  мен  эпифора  шумақ  сыңарларының  жарыспалы  байла-
нысының тəсілі ретінде. Шумақтағы əрбір дербес сөйлемнің бастапқы 
шенінде  немесе  аяқ  шенінде  бірдей  сөз  пішіндерінің  қайталақтанып 
отыруы  сыңарлардың  семантикалық-құрылымдық  өлшемдері  біртіндеп 
жалғаса келе теңесуге, бірдейлесуге ықпал етеді. 
Сөйлемнің қай мүшесі болсын шумақ құрамында анафорамен қолда-
ныла алады. Анафоралық бастауыштарға мысал:
№77.  Ол  Долбы  жазығында  туған.  Ол  көш  үстінде  туып,  жерге 
шөпке  шырылдап  түсе  қалған  еді.  Оның  арқасы  бірінші  рет  көрпеге 
емес, даладағы жерге тиген еді. Ол ешуақытта да Бетховеннің атын, 
Рембрандтың атағын есітпеген еді ... (С.Ерубаев).
 Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің орын тəртібі қатаң болғандықтан, 
баяндауыштар сөйлемнің аяққы шенінде келіп отыруы – заңдылық, сон-
дықтан олар айрықша бір мақсатпен қолданылатын инверсиялық жағдай-
да  болмаса,  поэзияда  болмаса,  қалыпты  нормада  анафора  айшығымен 
келуге икемсіз. 
Ал  тұрлаусыз  мүшелердің  шумақтың  дербес  сөйлемдері  қатарында 
анафоралық тұрғыда тұра береді: Анафоралық пысықтауышқа мысал:
Уа, халайық! Ұлы істің ұлы күні - мен сіздердің бəр-бəріңізді шақы-
рып, қонақ етіп, ат шаптырып алты алашты дүрліктіріп той жасасам 
да артық емес, əттең, қол қысқа.
Уа, халайық! Ұлы істің ұлы күнінде бəр-бəріңізді кұшағыма қысып, 
көктемгі  мерекелеріңізбен - жаңа  жылдарыңызбен  құттықтасам  да 
артық емес еді - əттең, құшақ жетпейді.
Уа, халайық! Ұлы істің ұлы күнінде мен бір жас қызға ғашық бо-
луым һəм оны мəңгі-бақи аялап өтуім де артық емес еді,- əттең, рұқсат 
жоқ...
Уа, халайық! Менің қолымнан бір-ақ нəрсе келіп тұр, риза бол - Ұлы 
істің ұлы күні құтты болсын... (О.Бөкеев).
Бұл  шумақта  анафоралық  параллельділік  «Уа,  халайық»  қаратпа 
сөзімен де күшейіп тұр.
Анафоралық толықтауышқа («өмірде») мысал:
Біз бақытты едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет