Синтаксистік парадигмалар


Шумақ  сыңарларының  жақтық-шақтық  біркелкілігі  тəсілі



Pdf көрінісі
бет250/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   374
Шумақ  сыңарларының  жақтық-шақтық  біркелкілігі  тəсілі.  Бұл 
тəсіл – қазақ синтаксистік шумағын түзудің өнімді тəсілі. Сол бір уақыт-
та бар болып тұрған заттар, болып тұрған құбылыстарды бейнелегенде, 
баяндағанда жиі қолданылады. 
Қазақ сөйлеуінде жарыспалылыққа құрылған шумақтарға сыңарлар-
дың шақтық мағынасындағы реңдердің бірдей болуы тəн. Мұндайда па-
раллельділік сыңарлардың құрылымдық тепе-теңдігімен күшейе түседі. 
Бұған осының алдында келтірген мына мысал айқын дəлел болады:
Қос ішінде үш адам бар. Үй иесі - жасы қырықтар шамасында, дөң-
гелек сақал, шарқы ғана кісі. Табаны ағаш, үсті сірі шəрке жасап отыр. 
Əйелі - жиырмадан асқан бүйрек бет қара келіншек. Ескі қаптан байпақ 
тігіп отыр. Еңбектеген еркек бала. Өзімен-өзі болып жүр (Ғ.Мұстафин).
Сонымен қатар мəтінде шумақтың параллельділікке ұйысымы сыңар-
лардың  баяндауыштарының  реңктері  əртүрлі,  бірақ  шақтық  көрсет-
кіштері бірдей болса да сақтала береді. Мысалы: 
Біз бытықы-шытықы темір жолдардың үстімен кеттік. Мұншама 
көп  жол  болар  ма! ... Жəне  өрмекшінің  ауындай  айқыш-ұйқыш  кезік-
кен  жолдар...  Олардың  бойын  өрлей,  ерсілі-қарсылы  поездар  да  жүріп 
жатыр,  қиқуын  сала,  паравоздар  да  жүйткіп  жүр.  Əлдеқайда,  аласа-


318
319
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
лы-биікті  бағаналардың  басында,  қызылды-жасылды,  ақты-сарғылт-
ты дегендей əлденеше шамдар жанып-сөніп тұр. Əр жерде қиқулаған 
паравоздардың  тұтасқан  даусы  құлақты  тұндырады...  Əлденелерді 
істеп, əр жерде əбігер боп жүрген адамдар... (С.Мұқанов).
Бұл бірлікте 4-ші, 5-ші, 6-шы сыңарлар жарыспалы байланыста. 4-ші, 
5-ші  сыңарлардың  баяндауыштары  нақ  осы  шақпен  (жүріп  жатыр, 
жүйткіп жүр; жанып-сөніп тұр), ал 6-сыңардың баяндауышы ауыспа-
лы осы шақпен (құлақты тұндырады) берілген. 
Шумақтағы  дербес  сөйлемдердің  баяндауыштарының  шақтық 
мағыналары біркелкі болмауы да мүмкін, бірақ контекст ықпалымен олар 
бір шақтық мағына арнасына түседі. Мысалы:
 Ойда көгалды қуалай қонған қараша ауылдар отыр. Біреулер жаңа 
келіп  жүгін  түсіріп,  біреулер  шаңырақтарын  көтеріп  жатыр.  Ерте 
уақытта  жан-жақтан  келетін  тоғыз  торап  жолды  шөп  басқан. (...) 
Дода сақал кірекеш күрегіне сүйене тыныстап тұрғанда, бəріне көз жі-
беріп тұрады (Ғ.Мұстафин).
Бұл шумақта алғашқы үш сөйлем жарыспалы байланыста. 1-ші, 2-ші 
сыңарлардың  баяндауыштары  нақ  осы  шақта,  ал 3-шісінікі  өткен  шақ 
есімшемен  берілген.  Сөйте  тұра  сөйлемдерде  баяндалатын  құбылыс-
тар  ақпаратты  беруші  мен  алушының  көз  алдында  бір  уақытта  өтіп 
жатқаны контекстен көрініп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет