Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет267/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   374
1.4 Бұйрықты сөйлемдер
Қазіргі  қазақ  тілінде  бұйрықты  сөйлемдер  туралы  біршама  зерттеу 
еңбектері  бар.  Бұл  сөйлем  туралы  алғашқы  пікірді  А.Байтұрсыновтың 
еңбегінен кездестіреміз. «Нəрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тіле-
ген орында айтылатын» сөйлем түрлерін ғалым тілекті сөйлем деп атай-
ды.  Ғалымның  айтып  отырған  тілекті  сөйлемі – қазіргі  бұйрықты  сөй-
лем екендігіне еш күмəн жоқ. Ғалым сондай-ақ бұл сөйлемнің төрт түрін 
көрсетеді: бұйрық түрде, өтініш түрде, үгіт (ақыл) түрде жəне жай тілек 
(мұрат) түрде. Мысалы [1, 298 б.]:
Бұйрық түрде:
Келіңдер, бозбалалар, атты алыңдар!
Жетектеп тоғайыма ап барыңдар!
Жабыңдар жабуына түкті кілем,
Тазалап, жуып, тарап, баптаңыздар!...
Кет, шық!
Бар, жүгір! Ұш!
Өтініш түрде:
Дауысыңды тым болмаса, бір шығаршы!
Кезек бер бір азырақ сөзге тақсыр!
Достарым осындай бір іс етелік,
Жастарды жетім қалған кісі етелік.
Ізгілер орманда да бар екенін
Осындай сауап іспен көрсетелік!...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет