Семинар сұрақтары 1. Ғалымдардың сөйлемнің коммуникативтік түрлері жайындағы пікірлері. 2. Хабарлы сөйлем жəне оның грамматикалық белгілерін атаңыз. 3. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары мен мағыналық түрлерін атап беріңіз. 4. Лепті сөйлемді жіктеуде ғалымдардың пікірі. 5. Лепті сөйлемнің жасалуы мен мағыналық ерекшеліктері қандай? 6. Бұйрықты сөйлемнің жасалуы мен мағыналық ерекшеліктерін атап беріңіз. Оқытушы өткізетін өздік жұмыс 1. Көркем əдебиеттен хабарлы сөйлемдерді (10-15) теріп, өз пікіріңізді
дəлелдеп беріңіз.
2. Мəтіннен сұраулы сөйлемдерді (8-10) тауып, жасалу жолдарын
түсіндіріңіз.
3. Мəтіннен сұраулы сөйлемдер тауып (10-15), оларды мағыналық
түрлеріне ажыратыңыз.
4. Газет-журналдардан лепті сөйлемге мысал іздеп, олардың қолда-
нылуын, мағыналарын, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
5. Лепті сөйлемге қатысты қорытқан өз пікіріңізді айтып беріңіз.
6. Мəтін ішінде лепті сөйлемі көп кездесетін, эмоцияға толы шағын
əңгіме жазыңыз. Осы сөйлемдердің жасалу жолдарын айтып беріңіз.
7. Бұйрықты сөйлемнің əр жасалу жолына мысал келтіріңіз. Мағына-
лық сипатын ашыңыз.
8. Бұйрықты сөйлемнен тұратын мақал-мəтелдер, өлең жолдарын та-
уып, олардың жасалу жолын, мағыналық ерекшеліктерін талдаңыз.