Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет275/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Жалпылау  есімдіктің  синсемантикалық  ықпалы  оның  өз  алдында 
аталған бірнеше заттар мен құбылыстарды қорытып, түйіндеп тұратын 
қызметімен байланысты. Оның бір сөйлемді келесі бір сөйлемге тəуел-
ді қылып тұруындағы қызметінің оның сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
жинақтап  тұруынан  ерекшелігі  сонда,  дербес  сөйлемде  бірыңғай
мүшелерсіз  келген  жағдайда  алдыңғы  бір  сөйлемдегі  я  сөйлемдердегі 
заттар мен құбылыстарды, оқиғаны жалпылай қорытып беретіндігінде. 
Мысалы:
Мен оң қапталда тұрғанмын, қолымды бесатарыма салам дегенше, 
есім ауып құлап бара жатқанымды білем...


352
353
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Бір уақытта көзімді ашсам, басым жарылса керек, бетіме, мойны-
ма қан құйылыпты. Əйтеуір, тілеуің бергір біреу басымның жарылған 
жерін қол орамалмен таңып кетіпті. Денем зіл қара тас, көтертпейді. 
Қолымды  қозғайын  десем,  артыма  қайыра  байланған.  Бойымдағы  қа-
ру-жарақтың ешқайсысы жоқ, сыпырып алса керек. Жатқан жерім сыз 
емес, көкшалғынның іші екен, соған шүкір дедім.
Аздап есім жинала бастады. Əуелі атымды іздедім. Жануар жиыр-
ма  қадамдай  жерде  ер-тоқымымен  жайылып  жүр...  Кенет  құлағыма 
зарлы үн келді. Сонда ғана етектегі ауылға қарадым. Бағанағы Шала-
бай айтқан сөздер есіме түсті. Бəрі соның бұйрығымен орындалса керек 
(Б.Тоғысбаев).
Бұл үзіндіде кейіпкердің өзі баяндап отырған жайттар соңғы сөйлем-
де бəрі есімдігімен жинақталып тұр. Соңғы сөйлемнің мазмұны алдын-
дағы сөйлемдерсіз тиянақталмаған болар еді. 
Бұлар Тойғанның есігінің алдына келгенде, қараң-қараң біраз адамдар 
жүр екен. Бəрі қаңғыр-күңгір амандасып жатыр (Т.Жандəулет).
Бұл мысалда екінші сөйлем контекске тəуелді, өйткені бұл сөйлемде 
бастауыш болып тұрған «бəрі» жалпылауыш есімдігі алдыңғы сөйлемнің 
бастауышы «адамдар» сөзінің орнына жүріп тұр. Демек, бұл сөйлемнің 
тиянақталуы алдыңғы сөйлемге байланысты.
Келесі  мысалда  бəрі  есімдігі  жай  сөйлемдегі  сияқты  ыңғайлас  сөз-
дерді жалпылап тұрғандай, оның осы қызметі алдыңғы дербес екі сөй-
лемді біріктіріп тұр:
Енді бір ауылға Бəйкен келе жатыр деген хабарды естіп, алыс-жақын-
дағы ел ағалары мен үлкендері жиналып күтіп отыр екен. Ішінде кəрісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет