Есімдіктер. Қазақ грамматикасында есімдіктің синтаксистік қыз-
метін оның сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқаратынын анықтау-
мен ғана шектейді. Шын мəнінде, оның дейксистік (орынбасарлық) қыз-
меті синтаксистік контексте айқындалады.
Адам өз ойын əрқашан бір сөйлеммен ғана жеткізе алмайды. Сон-
дықтан ол мəтін кеңшілігін пайдаланады, ал мəтін, негізінен, бірнеше
айтылыс-сөйлемдерден тұрады, ол сөйлемдер бір-бірімен құрылым-
дық-мағыналық іліктестікте болмаса, коммуникативтік əрекет мақсатына
жете алмайды.
Есімдіктердің мағыналық түрлерінің сөйлемге қатысуы арқылы сол
сөйлемді тиянақсыз (синсемантикалы) етіп, басқа сөйлемдермен бай-
ланыстырып тұрады. Қазақ тілінде бұндай қызметті сілтеу, өздік, сұрау,
жалпылау есімдіктері, жіктеу есімдігінің 3-жағы жəне кейбір белгісіздің
есімдіктері атқарады. Есімдіктерді сөйлемдердің бағытына қарай анафо-
ралық жəне эпифоралық деп екіге бөледі. Анафоралық есімдіктер деп
өзінен бұрын тұрған, яғни, алдыңғы контекстегі айтылатын зат я құ-
былысты, сипатты, нысанды, оқиғаны нұсқайтын есімдіктерді атайды.
Ал эпифоралық деп, керісінше, есімдіктердің кейінгі болатын затқа, құ-
былысқа, нысанға, сипатқа, оқиғаға нұсқауын айтады.
Тілдік фактілермен дəлелдеуге көшейік:
Тегінде, ертекші, өлеңші не басқа əңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күннен бергі əдеті еді. ... Ол кей адамның айғыз-айғыз ажымынан, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, əр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, сызаты көп сипаттарын көргендей болатын (М.Əуезов).
Бұл екі сөйлемді ұштастырып тұрған – бірінші сөйлемдегі «Абай»
сөзінің орнына екінші сөйлемде «ол» жіктеу есімдігінің жүруі. Егер екін-
ші сөйлемді контекстен тыс алсақ, ол сөйлемдегі ой тиянақсыз болар еді,
өйткені «ол» кім екендігін біле алмаған болар едік.