Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет280/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   374
себебіміз т.с.с. жалғаулық орнына жүретін тіркестерде есімдіктердің қыз-
меті басым екені қазақтілді коммуниканттарға айқын көрініп тұр.
Жалғаулықтардың құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруы 
мен дербес сөйлемдерді байланыстыруының арасына теңдік белгісін қо-
юға  болмайды.  Дербес  сөйлемнің  байланысуының  синсемантикалығы-
ның көрсеткіші ретінде жалғаулықты қолдануда айтарманның/жазарман-
ның субъективті коммуникативтік мүддесі болады. Қарапайым айтқанда, 
жазушы  жалғаулықты  жеке  сөйлемге  жіберіп  не  бас  əріппен  жазуында
қайтсе де белгілі бір мақсат болады, ал ауызша сөйлеуде сөйлемнің бас-
ты  белгілерінің  бірі  интонация  құрмалас  сөйлем  жағдайына  қарағанда 
өзгеше болады. 
Халдайлар  осы  өлкенің  негізгі  тірегі  болғандықтан,  Шихалдай  кей-
де  аймақта  Ши-амбыдан  кейінгі  екінші  адам  болып  саналатын.  Хал-
дайлар  жəне  өздерін  байырғы  шекарашыларымыз  деп  біледі.  Сон-
дықтан  комиссия  жұмысына  олардан  да  өкіл  қатысуға  тиіс  (Қ.Жұ-
маділов).
Бұл үзіндінің екінші сөйлеміндегі жəне шылауы осы сөйлемге айрық-
ша назар аудартып, актуалдандырып тұр, оның үстіне осы контексте бұл 
жалғаулықтың бойында ыңғайластықтан басқа үстеме мағына байқалады 
əрі осы жалғаулықтың салдарынан бұл сөйлем логикалық жағынан тия-
нақсыз.
Жалғаулықтарды  дербес  сөйлемді  контекске  тəуелді  ету  үшін  жұм-
сағанда  олардың  өздеріне  тəн  мағынасы  даралана,  айқындала  түседі. 
Осыдан  болар,  есімдік  негізді  жалғаулықтар  дербес  сөйлемде  қолда-
нылғанда, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы, жоғарыда 
келтірілген үзіндінің соңғы сөйлеміндегі сондықтан жалғаулығы өзінің 
алдындағы контексте берілген ойларды бойына жинақтап тұрғандықтан, 
«неліктен» деген себеп пысықтауыштың сұрағына жауап бере алатынын 
байқауға болады.
Басқа  да  жалғаулықтардың  дербес  сөйлемді  контекст  қарамағына 
осылайша енгізіп отыратынын айқын байқауға болады.
Қазақ тіл білімінде демеуліктердің сөздерді, сөйлемдерді байланысты-
ру үшін қызмет етпей, өзі тіркескен сөзге қосымша мағына ғана үстейтіні 
туралы көзқарас қалыптасқан. Ал олардың синтаксистік қызметіне мəн 
берілмей келеді. Əйтсе де олардың (демеуліктердің) «көмекші сөз ретін-
де басқа сөздермен тіркесіп келуі – олардың синтаксистік қасиетін біл-
діретін белгілері. Қандай демеулік болса да өзімен тетелес бұрын келетін 
сөздерге тіркеседі де, сол сөздің құрамына кіреді, сөйтіп сол тіркескен 
сөзінің немесе сол тіркескен сөзімен бірге бүкіл сөйлемнің логикасына 
тікелей  қатысып  тұратындығы» «жеке  демеуліктер  сөздер,  сөйлемдер 
арасындағы қатынасты білдіру үшін де жұмсалатындығы» [1, 235 б.] ту-
ралы ишара тұспал дəрежесіндегі бір-екі үзінді пікір ғана бар, оның өзі 
тілдік айғақтармен дəлелденбеген.
Байқап  қарасақ,  демеуліктердің  мағыналық  түрлерінің  өзінен  де
синсемантикалық сипаттарды көруге болады:
1) сұраулық демеуліктер қатысқан сөйлемдер жауапты талап етеді;
2)  шектік,  тежеу  мағынасындағы  демеуліктер  қатысқан  сөйлемдер 
оқиға,  құбылыс,  зат,  сапаның  толық  аяқталған  күйін  айтуды  да  қажет 
етеді;
3) болымсыздық, салыстыру демеуліктері қатысқан сөйлемдерге ло-
гика бойынша оппозициялық салғастыру керек;
4)  күдік-күмəн  мəнді  демеуліктер  қатысқан  сөйлемдер  тиянақталу 
үшін шындықты іздеу қажет болады;
5) күшейту, даралау мəнді демеуліктер қатысқан сөйлем не ненің іші-
нен дараланып тұрғанын көрсетуді қажет етеді.
Құрамында  демеулік  бар  сөйлемдегі  ой  көбінесе  инерциялы  болып 
келеді,  демеуліктер  осы  арқылы  контекстегі  екі  сөйлемді  бір-бірімен 
қатыстырып тұрады. Мысалы: «Сендер-ақ барыңдар» деген сөйлемнен 
біз тағы біреудің баруға тиісті екенін байқаймыз. Осы хабарды білу қа-
жеттігі туады, демек, бұл сөйлем тиянақсыз. Ал «Сендер-ақ барыңдар. 
Қалдыбай үйде қалсын» деп айтсақ, бірінші сөйлемнің тиянақталғанын 
көруге болады.
Сұраулық  демеуліктің  сөйлемнің  модальдігіне,  предикативтілігіне 
əсер  ететіні  белгілі.  Ал  сұраулық  шылаулы  сөйлем  контекспен,  ситуа-
циямен тікелей байланысты пресуппозицияны қажет етеді, басқаша айт-
қанда, сұраулы сөйлемге не оң жауап, не теріс жауап талап етіледі. Сол 
себептен бұндай сөйлем синсемантикалы болады. Бұл жайтты, əсіресе, 


356
357
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
диалогтан  анық  байқауға  болады  (айғақ  айқын  болғандықтан  диалогқа 
мысал  келтіруді  артық  санаймыз).  Осындай  сипат  монологтан  да  кез-
десіп отырады. Мына бір ортақ төл сөзбен жасалған бірлікте сұраулық 
шылау осы сипатта:
Бөжей намысын қуғандары шын болса, ол намыс, ар деген нəрселер 
оңай ма еді? Сондай кіршіксіз, шетін ақ нəрсені жермен, қыстаумен ем-
деуге бола ма екен? Ақыры ол шерудің барлығы осы адамдардың өз жем-
сауын толтырса, тып-тыныш бола қалады (М.Əуезов).
Бұл  үзіндідегі  алдыңғы  екі  сөйлемде  беріліп  тұрған  риторикалық 
сұрау  құпталған,  мойындаған  реакцияны  керексініп  тұр,  оның  іске  ас-
пағанын үшінші сөйлем хабарлайды. Сонымен қоса алдыңғы сөйлемдер 
тиянақсыз  интонациямен  айтылады.  Сондықтан  кейінгі  сөйлемсіз  ал-
дыңғы екі сөйлем тиянақсыз болып табылады.
Сөйлемді контекске тəуелді ететін құралдардың бірі – шектік – тежеу 
мағынасындағы демеуліктер. Мысалы: «Абай өзін де, айнала жұртты 
да  тегіс  ұмытыпты.  Тек  қана  түс  артынан  болған  жүрек  құйынын 
аңғарады  (М.Əуезов)  дегендегі  екінші  сөйлемдегі  тек  қана  демеулігі 
осы сөйлемдегі оқиғадан бұрын басқа қандай оқиға болғанын білуді та-
лап етіп тұр. Оны бірінші сөйлемнен табамыз. 
Күшейткіш-даралау мəнді демеулік да, де, та, те сөйлемдегі белгілі 
бір  сөздің  мəнін  ерекшелеп  тұрады  да,  сол  қатардағы  ерекшеленбеген 
сөзді  іздетеді.  Бұндайда  ондай  сөз  кейде  басқа  жеке  сөйлемде  болады. 
Осылайша бұндай сөйлемдер бір контекстік ортаға кіреді. Мысалы:
Төскейде малы, төсекте басы қосылған қазақ пен қырғыз ел мақта-
ны болған азаматтарын бөліп-жарған емес. Қырғыз елі қазақ палуаны 
Қажымұқанға да сондай ықыласты («Қазақ əдебиеті»). 
Бұл  мысалдың  екінші  сөйлеміндегі  да  демеулігі  бірінші  сөйлемдегі 
«ел мақтаны болған азаматтары» тіркесінсіз өзі қатысып тұрған сөйлемді 
тиянақсыз əсер етеді.
Əсіресе  сөзі  белгілі  бір  сөз  табына  əлі  мықтап  таңылған  жоқ.  Нор-
мативтік  грамматикаларда  «əсіресе»  демеулік  қатарында  қаралып  жүр. 
Ал  демеулікті  арнайы  зерттеген  Ф.Кенжебаева  бұны  модаль  сөздерге 
жатқызады: «Өйткені модаль сөздер белгілі бір сөзге тіркесе келіп, сол 
сөздің  ұғымына  ортақтас  болмайды.  Модаль  сөздердің  көпшілігі  сөй-
лемде сөйлеушінің көзқарасын аңғарту үшін келтірілгенімен, басқа сөз-
дерден дауыс ырғағы арқылы да оңашаланып келеді жəне оқшау сөз 
ретінде сөйлемде үтірмен бөлініп отырады» (астын сызған біз . – Ж.Ж.) 
[2,167 б.].
Күшейткіш  үстеу  ретінде  қаралып  жүрген  «тіпті»  сөзінде  де  осын-
дай сипат бар. «Тіпті» сөзі де, «əсіресе» сөзі де күшейткіш мағынаға ие. 
«Тіпті» сөзі де, «əсіресе» сөзі сияқты модальдік қыстырма түрінде қол-
данылады.  Сондықтан  бұларды  əртарап  сөздерге  жатқызған  жөн  болар 
еді. Қалай десек те, бұл сөздердің синтаксистік қызметінің бірі – сөйлем 
синсемантикасының белгісі болу. Мысалы:
Адам пішіні əрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тəріз-
денетін. Əсіресе, ажымы мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тəрізді 
(М.Əуезов).
Бұл үзіндінің əсіресе демеулігі қатысқан сөйлемі өзін басқа бір сөй-
леммен  салғастыруды  қажет  етеді.  Əсіресе  демеулігі  қатысып  тұрған 
сөйлемдегі ой контекстегі басқа ойлардан гөрі күшейтіліп айтылады, ал 
осының күшейтпелі дəрежесін білу үшін, алдыңғы сөйлемнің мазмұнын 
білуіміз керек.
Төменде келтірілген мысалда тіпті үстеуі жоғарыда келтірілген үзін-
дідегі əсіресе демеулігі сияқты қызмет атқарады:
Ал  «Қарауыл  биігі  анау,  жасырын  жырасы  мынау»  деген  Есем-
бай-Найзатастар болса, ол Абайдың өз ауылының аса мəлім қоныста-
ры...  Тіпті  былтыр  боқырауда,  күзем  үстінде,  қалаға  оқуға  кеткенде 
дəл осы қоныстан, Есембайдан, кеткен болатын (М.Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет