Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет282/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Үстеулердің бəрі бірдей сөйлемнің синсемантикасының хабаршысы 
бола бермейді, болған күнде де үстеудің бұл қызметі көмескі байқалады. 
Тек кейде тілдік түйсік көмегімен үстеу қатысып тұрған сөйлемнің син-
семантикасы контекстен байқалып қалады. Мысалы, төмендегі келтіріл-
ген контекстегі «əдейі» мақсат үстеуі қатысып тұрған алғашқы сөйлемнің 
синсеманткиасы үстірт оқыған бетте бірден байқалмайды. Ал бұны сөй-
леудегі айтылыс ретінде қарасақ, адам ойында «əдейі келмесе, не үшін 
келген екен?» деген сұрақ туады да, ой тиянақсызданады. Кейінгі бөлікті 
оқығанда барып, бірінші сөйлемдегі ой «əдейі» сөзінің абстрактылы мəні 
нақтыланады. Салғастырыңыз:
Қазақ жеріне əдейі келгенім жоқ. Ресейде төңкеріс болып, патшаны 
түсірген  соң,  өзара  екі  жарылып,  ел  билегенге  таласқан  соң,  үкімет-
ті қара жұмысшы мен қара солдатты жоқтаған большевиктер алып 
кеткен соң, біздер, орыстың шын ұлдары, құл-құтанға бағынбаймыз деп 
соғысып жеңіліп, қашып келіп отырмыз (Ж.Аймауытов).
Біздің байқауымызша, бұндай қызметті көбінесе есімдіктен жасалған 
үстеулер мен мезгіл үстеулері атқарады. Мезгіл үстеулері есімдіктен жа-
салған үстеулер сияқты орынбасарлық қызмет атқармайды, олар əр жеке 
сөйлемдегі  байқалатын  оқиғалардың  уақыт  жағынан  бір  ізді,  жүйелі, 
жалғасты екенін білдіру үшін қолданылады, осы себептен мезгіл үстеу-
лері  қатысқан  сөйлемдер  сол  сөйлемдегі  ойды  басқа  сөйлемдегі  оймен 
салғастыруды қажет етеді де тиянақсыз болады. Мысалы, төмендегі үш 
сөйлем бірінсіз бірі тиянақталмаған болар еді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет