Тақырып атаулы сөйлем өзінен кейінгі сөйлемге сілтеме түрінде
сол тақырып жөнінде тыңдаушыға ой сала отыра, ақпараттық жүк көтер-
се, соңғы сөйлем сол тақырыптың мазмұнын толығырақ ашатындай кең
көлемдегі ақпаратқа ие болады.
1. Қызыл-Кеніш, Қызыл-Кеніш, Қызыл-Кент...Кент сарайы тура- лы зерттеушілер мен жазушылар аз жазған жоқ. 2. Аққора ауылы. Қарқаралы қаласының оңтүстік шығысында орналасқан Қ.Аманжолов атындағы кеңшардың кішкене ғана бір бөлімшесі.Ертеде бұл жерді Əйтімбет деген аталы, рулы ел жайлаған екен. Мұндағы тақырып атаулылар оқырманға кейінгі сөйлемнің баяндау
предметі, мазмұны не туралы екенін алдын ала хабарлау мақсатында
қолданылған. Бірінші мысалда тақырып атаулы қайталану арқылы зат-
тың алғашқы атауына назар аудартады. Екінші мысалдағы тақырып атау-
лылардың екіншісі біріншісін толығырақ айқындай түседі. Көріп отыр-
ғанымыздай, тақырып атаулы да көп құрамды болуы мүмкін. Тақырып
атаулының интонациясы түсінік атаулыға қарағанда солғындау, хабарлау
интонациясымен айтылады.