Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет303/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

рас,  дұрыс,  құп  модаль  сөздері  жасайды.  Мысалы: - Жүсеке,  жүріңіз, 
ауыл сыртына шығып, азырақ серуендеп қайтайық. - Мақұл (І.Е.). Ал-
дыңғы  сөйлемнің  негізінде  туындайтын  «Мақұл»  мүшеленбейтін  сөй-
лемінің  беріп  тұрған  мағынасы – «серуендесек,  серуендеп  қайтайық» 
мағынасындағы келісу, яғни «жарайды» деген мүшеленбейтін сөйлемге 
синтаксистік синоним бола алады.
3) Нық сенім мағынасындағы мүшеленбейтін сөйлемді əрине, əлбет-
те, сөзсіз модаль сөздері жасайды. Мысалы: - Бірақ өз саусағыңды өзің 
кесе аласың ба? Оның да бір жауабы бар емес пе? - Əрине (І.Е.). «Оның 
да бір жауабы табылатындығына мен де сенімдімін» деген мағынада 
қолданылып тұрғанын контекст арқылы ғана айқындай аламыз.
4) Болымды/болымсыз мəніндегі мүшеленбейтін сөйлемдерді иə, жоқ 
сөздері жасайды.
(1) - Тойға барасың ба? - Жоқ.
немесе:
(2) - Тойға барасың ба? - Жоқ, іссапарға кетіп бара жатырмын.
Екі  сөйлемдегі  «жоқ» - мүшеленбейтін  сөйлемдер.  Бірінші  мысал-
дағы  жоқ  дербес  қолданылып,  «Тойға  бармаймын»  деген  мағынада 


376
377
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
қолданылса,  екінші  мысалда  жоқ  сөзі  осындай  мағынада  екінші  сыңа-
рымен нəтиже-себептік қатынаста тұрып, сөйлемдік дəрежеге көтеріліп 
тұр, яғни соңғы мысалдағы салаласа құрмаласқан себептік қатынастағы 
сыңарлар бірін-бірін қайталамай, бөлек-бөлек ақпаратқа ие болған (той-
ға бармаймын, өйткені іссапарға кетіп бара жатырмын).
Коммуникемдер.  Тілімізде  белгілі  бір  модельге,  құрылымдық  схе-
маға салуға келмейтін «Бұл да сөз бе?!», «Иə, саған!», «Солай ма екен?!», 
«Қарай гөр өзін!», «Айтпағанда!», «Келгенде қандай!», «Ол ол ма!», «О 
несі екен!», «Алғанда қандай!», «Айтқанда қандай!», «Солай ма екен?», 
«О, құдайы-ай, өзің сақтай гөр!, «Айналып кетейін!», «Болса болар», «Е, 
несі бар», «Уа, құдайым-ай, не дейді!», «Ой, бар бол!», «Жақсы!», «Жа-
райды», «Қайдағы», «Мейлі», «Енді қалай деп ең!», «Олай болмаса, игі 
етті!», «Шүбəсыз!», «Сөз жоқ», «Мына кереметті қара!», «Ой, алла!», 
«Құдайым-ай!», т.б. тəрізді сөйлем түрлері бар. 
Коммуникемдер  де  өз  алдына  дербес  тұрған  тілдік  единица  ретінде 
зерттелуін күтіп тұрған мəселеге жатады. Олар мүшеленетін сөйлем бе-
ретін мағынаны бойына жинақтайды немесе иə/жоқ тəрізді мүшеленбей-
тін сөйлемдердің мағынасына сай жұмсалады. Олардың қолданылу аясы 
- ауызекі сөйлеу тілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет