Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет32/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   374
ол  аспандағы  жұлдыздарға  қарап  тұрды  (Т.Ə. «Сары  сыбызғы»).  Бұл 
сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: Ол қарап тұрды; жұлдыздарға 
қарап тұрды; аспандағы жұлдыздарға (қарап тұрды). Біз сөз тіркесіне 
берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі 
деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің 
бірі  екіншісіне  грамматикалық  формасы,  қызметі  жағынан  бағыныңқы 
қатынаста тұруға тиіс. Жұлдыздарға деген сөзге аспандағы бағыныңқы 
болып  байланысып  тұр.  Қарап  тұрды  деген  сөзге  жұлдыздарға  бағы-
ныңқы болып байланысып тұр. 
Сөз  тіркесі  синтаксистік  қызметі  жағынан,  лексикалық  мағынасы 
жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден құралады. Мысалы, өрші-
ген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағы-
насын құбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жат-
пайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде кел-
тірілген сөздер – күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда 
синтаксиске тəн тəсілдер арқылы қосылғанмен, қазір бір ұғымды атай-
тын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай құралған тіркестер жүре 
келе  бірігіп,  біріккен  сөзге  айналып  кетеді  (Ашқарақ,  шетел,  қолғап, 
жапалақ). Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өза-
ра бастапқы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі, тұлғасы 
деп санаймыз. 
Осыған  қарай  сөз  тіркесін  сөйлем  құрауға  қатысатын  материал  деп 
те  атауға  болады.  Өйткені  сөздер  сөйлемге  дара-дара  кірікпейді,  өза-
ра  мағыналық,  грамматикалық  байланысқа  түсіп  кіреді.  Күлімдеген 
ай  шалқып  тұр:  ай  шалқып  тұр,  күлімдеген  ай.  Сөз  тіркесі,  сонымен, 
екі  сөздің  арасындағы  қатынасты  білдіреді.  Құрамы  жағынан  бұл  сөз-
ден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, 
сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады: оқыған бала, 
жаңа  қалада,  далада  жайылған,  т.т.  Бұл  жағынан  сөз  тіркестері  сөзге 
жуық. Осылай екенін мынадан байқауға болады. Атау көп жағдайда жаңа 
ұғымға жуық келетін сөздерге түрлі анықтауыш қатыстыру арқылы жа-


40
41
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
салады: шай қасық, сары май. Осылай кұралған атауыш тіркестер тұта-
сып біріккен сөзге айналып кетеді: қол қап – қолғап.
Сөз тіркесін сөздер бағыныңқылық қатынасқа түсіп те жасайды дедік. 
Солай болғандықтан олардың бірі басыңқы, екіншісі грамматикалық қыз-
меті,  формасы  жағынан  соған  бағынышты  болады.  Бірі  басыңқы  ком-
понент деп аталады, екіншісі бағыныңқы компонент деп аталады: судың 
ағысы.
Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі 
бағыныңқы компонентті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырьп тір-
кестіреді. Бағыныңкы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды 
толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, нысанын атайды 
т.б.  Осынысына  орай  сөз  тіркесінің  құрамындағы  басыңқы  компонент 
пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықта-
уыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға 
болады. Сусыған құм. Аспанды бұлт торлаған.
Сөз  тіркесінің  грамматикалық  бітімін  басыңқы  сөздің  сипаты  бел-
гілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: 
етістікті тіркестер, есімді тіркестер: алыс жол, асау өзен. Алыс жол – зат 
есімді тіркес, өйткені басыңқы сөз – жол. Ол зат есімге жатады. Аспанды 
торлаған – етістікті тіркес, өйткені басыңқы сөз – торлаған, ол – етістік. 
Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп 
тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дер-
бес,  дара  болуы  керек  екенін  айттық.  Осы  шартпен  құралған  тіркестер 
еркін  тіркес  деп  аталады.  Өйткені  тіркестің  құрамындағы  сөздер  еркін 
қатынаста  тұрып,  өзгеріп,  алмасып  жатады:  кеңседен  шықты,  кеңсеге 
жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға не-
месе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, граммати-
калық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады. Ора бастады, 
ат үсті, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен күн көру т.т. 
Лексикалық, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын 
тіркестерді түйдекті тіркес деп атайды. Экспрессивті лексиканың қата-
ры да көп жағдайда тіркестер арқылы қорланып жатады. Аузы қышиды, 
ала аяқ т.т. Бұлар фразеологиялық, идиомдық, тіркестер немесе тұрақты 
тіркес деп аталады. Өйткені тіркес тұтас күйінде бір ғана ұғымның атауы 
ретінде жұмсалады. Тіркестегі сөздер даралауға келмейді, дара, дербес 
алынғанда, бастапқы ортақ лексикалық мағына жойылады. Түйдекті тір-
кес те, тұрақты тіркес те синтаксис, соның ішінде сөз тіркесі синтаксисі 
зерттейтін  нысан  емес.  Бұларды  атағанымыз    тіркестің  пайда  болатын 
жайларын, олардың түрлерін байқату үшін ғана. Ескертіп кететін нəрсе – 
тіркес, сөз тіркесі деген екі терминдік атауды ажыратып тану керек. 
Тіркес – тілдегі үдерістің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағы-
нада жұмсаймыз. Сөз тіркесі – тіркестің белгілі шартқа сай көрінісі. Сөз 
тіркестері компоненттерінің құрамына қарай жай сөз тіркесі, күрделі сөз 
тіркесі деп екі топқа бөлінеді. Екі жай сөзден құралған сөз тіркесі жай 
сөз тіркесіне жатады. Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөз-
дер қатынасса, оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз: көлге қонды – жай 
тіркес, көлге қонып жатыр – күрделі тіркес.
Сөйлем  ішіндегі  сөздер  бір-бірімен  түрліше  байланысып  отырады. 
Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп. Мысалы: Жаздың көркі енеді 
жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай) деген сөй-
лемде мынандай сөз тіркестері бар: жаздың көркі, жыл құсымен енеді, 
жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып. Осылардың бəрі – сөй-
лемнің модельдері, ал сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары – сөз тір-
кестерінің аса қажетті бөлшектері – оларсыз сөз тіркестері құрылмайтын 
модельдер деп есептеледі. Басыңқы сыңарлары сөз тіркестерінің мағына-
лық тіректері, діңгекті таянышы болғанмен, сөз тіркесін құрауда бағы-
ныңқы сыңарлардың синтаксистік қызметі ерекше деп танылады. 
Неше  сөзден  тұрса  да,  еркін  сөз  тіркесі  екі  сыңардан  тұрады.  Бір 
сыңардың  қызметін  жеке  сөз  атқаруы  да  (жаздың,  жыл)  бірнеше  сөз 
атқаруы  да  (жайраңдасып  күлер,  құрбысымен  жайраңдасып,  жыл  құ-
сымен енуі) мүмкін. Осыған байланысты сөз тіркестері құрамына қарай: 
жай сөз тіркесі жəне күрделі сөз тіркесі болып екі түрге бөлінеді. Құра-
мы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: 
ақылды  жігіт,  кең  дала,  мазмұнды  əңгіме  т.б.  Құрамы  үш  не  одан  көп 
сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он 
шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда 
жоқта кез болу т.б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет