Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет30/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   374
Меңгеру. Бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен атау, ілік септіктерінен 
басқа  септік  жалғауларының  бірінде  тұрып  байланысуы  меңгеру  деп 
аталады. Меңгеріле байланысқан екі сөздің меңгеруші сыңары көбінесе 
етістік болады. Мысалы: малды  күту, фермаға бару, сырттан оқу, жұ-
мыста болу, мақта теру, жолмен жүру.
Меңгеруде  есім  сөздер  де  басыңқы  сөздің  барыс,  шығыс,  көмектес 
септіктерінде келуін керек етеді. Мысалы: Жақсы – ісімен жақсы, іске 
мықты, орындауға міндетті, бəріне бірдей, бізге жақсы, естімеген елде 
көп, сенімен сырлас, жерге бай, еңбекке ортақ.
Табыс, барыс септіктеріңде келіп меңгерілген сөздердің жалғаулары 
кейде айтылмайды. Мысалы: шөп шабу, трактор айдау; Мəскеу бару т.б. 
Меңгерудің жай жəне күрделі түрі бар. Дара сөздердің өзара меңгеріле 
байланысуы жай меңгеруге жатады. Мы салы: уəдеге берік, қалаға кету, 
суыққа төзімді, заводта істеу т.б.
Меңгеріле  байланысқан  сөздердің  бір  сыңары  не  екі  сыңары  да 
дара сөзден емес, бірнеше сөзден (кемінде екі сөзден) жасалуы мүмкін. 
Мұны  күрделі  меңгеру  дейміз,  Меңгерудегі  күрделі  сыңарлар  көбінесе 
өзара іштей матаса, қабыса, меңгеріле байланысқан күрделі сөздер мен 
тұрақты  сөз  тіркестерінен  де  жасалады.  Мысалы:  Үйге  дейін  бардық, 
Көпірдің үстінен өте  бастадық. Оқып отырғанда көңілді басқа жаққа 
бұрмау керек. Қас пен көздің арасында жоқ болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет