38
39
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
да орын берілген [18]. Салалас байланыстың синтаксистік байланыстың
бір саласы екенін мойындай отыра біз толық мағыналы кем дегенде екі
сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі
деп атағанды дұрыс көреміз. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы
деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. Мысалы:
самал жел, оқыған жігіт дегенде
самал, оқыған бағыныңқы сыңарлар,
жел, жігіт – басыңкы сыңарлар. Мысалы,
ағаш үй, алтын сағат, темір
күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер – жай тіркес те,
ақ боз ат,
ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала
тон дегендер – күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі
сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған.
Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің
айналасына топталады. Осыған сəйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері
жəне етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. Есімді сөз тіркестерінің
сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса
байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады. 1. Зат есімді
тіркестер:
алтын қасық, темір балға. 2. Сын есім мен зат есім тіркесі:
ақ
құба жігіт, боз інген, сұлу қыз. 3. Сан есім мен зат есім тіркесі:
бес ешкі,
алты комбинат. 4. Есімше мен зат есім тіркесі:
жаңарған дала, дамыған
ел. 5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі:
сол сəт, бұл фабрика.
Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ілік
септігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тəуел-
дік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады.
Алматы
– Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі
Отанымыз-дың ілік септігін-
дегі зат есім
жүрегі деген тəуелдік жалғаулы зат есіммен матаса бай-
ланысып тұр. Ал
жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, бала-
ның жақсысы т.б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тəуелдік жалғаулы
сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат
есімді меңгеріп тұрады.
Малға бай, сөзге жүйрік. Етістікті тіркестердің
сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу
мен етістіктен құралған сөз тіркесі жанаса байланысады:
биыл бітіреді,
кеше келді т.б.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері төмендегідей түрге бөлі-
неді: 1.Үстеу мен етістік тіркестері:
төмен түсті, тез жүгірді. 2. Елікте-
уіш сөзді етістік тіркестері:
жылт-жылт көрінді, сырт-сырт соғады. 3.
Көсемшелік етістік тіркестері:
сөйлей кірді, жүре сөйледі. 4.Сын есімді
етістік тіркестері:
жақсы сөйледі, əдемі жазды. 5.Сан есімді етістік тір-
кестері:
екі келіп, екі кетті. 6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбек-
тер орын тəртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады:
екі рет айт-
ты, бес метр өлшеді.
Меңгере байланысқан етістікті тіркестердің басыңқы сыңары салт жəне
сабақты етістіктер болады да, бағыныңқы сыңары шылау тіркескен сөз-
дерден немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерден
құралады: шығысқа қарай ауысты, темірден жасалды, хатыңды оқыды.
Біз негізгі синтаксистік тұлғалар мен синтаксистік формалардың сипа-
тын атадық. Осындай тұлғалар ретінде біз сөйлемді, сөз тіркесін, сөзді
де атадық. Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қаты-
насқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық бай-
ланысы арқылы көрінеді. Мысалы,
Күн ұясына қонды деген сөйлемді
алайық. Мұнда сөйлем құрамына енген сөздер өзара мынандай грам-
матикалық (синтаксистік) байланыста тұр:
Күн қонды; ұясына қонды.
Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан
да көп) сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сыртта
Достарыңызбен бөлісу: