Синтаксистік парадигмалар


тірушілік  (интегративность),  аяқталғандық



Pdf көрінісі
бет343/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

тірушілік  (интегративность),  аяқталғандық  аталады.  Бұлар  мағына-
лық  сипатқа  ие,  сондықтан  олар  коммуникативтік  құбылысқа  жатады. 
Қорыта келгенде, мəтінді формальды белгілері бойынша анықтауға бол-
майды.  Демек,  мəтін – тілдік  жүйенің  емес,  ал  сөйлесімдік,  қатысым-
дық (коммуникативтік) жүйенің тұлға-бірлігі. Оның құрылысы мен қыз-
метінің тілдік тұлға-бірліктерден басқаша, өзіне тəн өзгеше заңдылықта-
ры бар.
Мəтін – жазбаша сөз. Осы жай оның біраз ерекшеліктерінің қалып-
тасуына əсер етеді. Мұндағы қарым-қатынас жағдайы ауызша сөзге қа-
рағанда  өзгешелеу.  Қарым-қатынас  жасаушы  екінші  жақ  көз  алдында 
тұрмағандықтан, мəтін оның түсінуіне лайықталып құрылады. Мəтінде 
айтылғанды қабылдау сол мезетте емес, біраз уақыт өткеннен кейін бо-
латындықтан,  қарым-қатынас  жасаушылардың  арасында  кері  байланыс 
бірден жүзеге аспайды.


424
425
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Осының  бəрі  мəтінді  алдын-ала  дайындап  алуды;  оның  компонент-
терін  таңдап,  сұрыптап,  оларды  əлдеқайда  кең  түрде  таратып,  дəл  ұй-
ымдастыруды  қажет  етеді.  Соның  нəтижесінде  мəтінге  (ауызекі  сөзге 
қарағанда) кеңдік (таралымдық), ізбе-ізділік, байланыстылық, аяқталған-
дық сияқты белгілер тəн болады.
Мəтін белгілі бір қарым-қатынастың міндетіне сай дайындалады. Қа-
рым-қатынас  міндеті  мəтіннің  негізгі  ой  түйінінің  қалыптасуын  басқа-
рады. Келешек мəтін мазмұнының жинақталған түрі болып табылатын, 
біртұтас ақыл-ой құрылымынан тұратын ой түйіні өзін жарыққа шыға-
ратын  тілдік  құралдарды  таңдап  сұрыптайды.  Осы  ұйымдасқан  тілдік 
құралдар арқылы қабылдау кезінде мəтін ой түйініне сай келетін жалпы 
мазмұнның нақтылы, біртұтас бейнесі қалыптасады. Тілдік құралдардың 
мазмұндық жағымен бірліктегі жиынтығы – мəтіннің сыртқы формасын 
құрайды. Ол – мəтіннің тікелей қабылданатын жағы. Мəтіннің ой түйіні 
туралы  тілдік  құралдарды  игеріп,  мəтінді  тұтас  түсінгенде  ғана  айтуға 
болады. Міне, осы түсінілген нəрсе – мəтіннің ішкі формасын құрайды. 
Мəтінді  қабылдау  кезінде  қалыптасатын  ой  құрылымы  сыртқы  фор-
маның жеке-жеке тұлғаларымен емес, ал тілдік тұлғалардың тұтас жиын-
тығымен  сəйкес  келеді.  Ішкі  форманың  өз  құрылымы  болады,  оның
элементтері  өзара  белгілі  бір  қарым-қатынастарда  тұрады.  Əртүрлі  ен-
діктегі  ондай  қарым-қатынастарының  бірін  бағыныштылық  қатынас 
құрайды.  Ішкі  форманың  элементтері  осындай  бірі  екіншісіне  бағы-
нышты қатынаста тұрады. Олардың ішінде, мысалы, ең басты нəрсені – 
ең басты нысанды бөліп көрсетуге болады. Ол мəтіннің не туралы екенін 
білдіреді.
Мəтіндегі  басты  нəрсені  тек  басқалармен  қарым-қатынасының  не-
гізінде ашуға болады. Олардың кейбіреулері оған тікелей, кейбіреулері 
жанама  қатысты  болады.  Алғашқылары  басты  нəрсені  белгілі  бір  қы-
рынан ашатын мəнді элемент болса, екіншілері басты мəселеге тек солар 
арқылы ғана қатысты болады. Мұндай басты нəрсені сипаттайтын жана-
ма қатынастардың бірнеше деңгейі де болуы мүмкін.
Ішкі форманың өте-мөте мəнді элементтерінің басты элементпен қоса 
алғандағы  жиынтығы  мəтіннің  тақырыбын  құрайды.  Тақырып  мəтін-
нің  ой-түйіні  сияқты,  оның  жинақталған  мазмұнын  береді.  Ол  мəтінді
түсінудің белгілі бір кезеңінде қалыптасады. Тақырып əркез толық бай-
ланысты мəтінге айналуы мүмкін.
Сонымен, мəтіннің басты белгілері – жайылыңқылық, ізбе-ізділік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет