байланыстылық жəне аяқталғандық. 4.2 Мəтіннің қатысымдық/ коммуникативтік құрылымы Адамдар арасындағы пікір алмасу, қарым-қатынас тіл арқылы жүзе-
ге асады, ол нақтылы түрде сөйлемдер арқылы көрінеді. Сөйлем – осы
тұрғыдан синтаксистік негізгі тұлға-бірлігі болып табылады. Сөйлем
арқылы берілген хабар-мəліметтің нақтылы мазмұнын зерттеу функцио-
налды-коммуникативтік синтаксистің қарамағына жатады. Коммуника-
тивтік синтаксис үшін сөйлем мазмұнының кім, не туралы екендігі жəне
ол «кім», «не» туралы жаңа не айтылды, қандай жаңа мəлімет берілді
дегендер ең басты мəселе болып қалады, соған орай сөйлем құрылымы
тема мен ремаға бөлінеді, басқаша айтқанда, мазмұнның актуалдылығы
тұрғысынан ерекшеленеді (актуалды мүшелеу жүзеге асады).
Мəтіннің коммуникативтік құрылымы дегенде мəтінді сөйлеуші субъ-
ектінің қатысымдық ниетіне сəйкес түрде ұйымдастыруды түсінеміз.
Актуалды мүшелеудің санаттары тема мен рема мəтін түзілімімен
етене тығыз байланысты. Өйткені мəтіндегі ақпаратты осылай бөлуде
хабардың дамуы аясындағы айтылыстардың қатысымдық бағыт-бағда-
ры ескеріледі. Автор барлық хабарды бірден, бір мезгілде бере алмайды,
бірте-бірте береді. Сөйлеудің көлденең жүзеге асуы хабар элементтерінің
белгілі бір тəртіпте орналасуын қажет етеді. Оның үстіне хабардың
əртүрлі элементтері қатысымдық тұрғыдан бірдей міндет атқармайды,
осыған байланысты олардың орналасу реті сөзсіз маңызға ие. Демек,
мəтіндегі тематикалық жəне рематикалық қатынастар сөйлеушінің қа-
тысымдық мақсатының көрінісі болып табылады. Сондықтан, мəтіндегі
əр элемент белгілі бір қызмет атқара отырып хабарды дамытады. Сонда,
түптеп келгенде, мəтіннің түзілуінің өзі айтушының қатысымдық мақса-
тының көрінісі деуге болады.
Айтуда болсын, жазуда болсын, сөйлеушінің ойы белгіліден, яғни,
бұрын айтылған немесе қатысым субъектілерінің көз алдында болып
жатқан жайдан тыңдаушыға не оқырманға белгісіз жайларға қарай да-
миды. Айтылысты құрған кезде сөйлеуші айтылатын жай туралы қабыл-
даушының білім аясын ескереді жəне соның негізінде айтылыстың екі
бөлікке (белгілі-белгісіз немесе бұрынғы жəне жаңа) бөлінуін актуалды